1 view

2019 жылы мемлекеттік бюджетке триллиондаған теңге түскен

Табыстар жоспары 101%-ға асыра орындалған

Фото: Shutterstock

2019 жылғы он бір айда мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 11,5 трлн теңге табыс түскен — бұл бір жыл бұрынғы тиісті мерзімдегіден (10 трлн тг) 15,5%-ға артық, деп хабарлайды Finprom.kz.

Трансферттерді есептемегендегі табыстар сомасы 8,5 трлн теңгені құрады, бір жылда ол 15,3%-ға артқан. Мемлекеттік бюджеттің табыстары жоспардағыдан 101,3%-ға, жергілікті бюджеттердікі — 104,1%-ға артық орындалған. Республикалық бюджеттің таза табыстары 6,2 трлн теңгені құрады.

Госбюджет-1.png

Табыстардың ұлғаюына салық түсімдерінің бір жылда 14,7%-ға артып, 8,2 трлн теңгеге (бір жыл бұрын — 7,1 трлн теңге болған) дейін жетуі көмектесті. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, Салық түсімдері қарқынының өсуіне негізінен ішкі өндіріс тауарларының қосымша құнына салынатын салық, копоративтік табыс салығы мен халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салық есебінен қамтамасыз етілді.  

Салық түсімдерінің ұлғаюына салық-кедендік әкімшіліктендіруді жақсартумен қатар, 2019 жылғы қаңтар-қазан аралығында, алдыңғы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, экономиканың келесі секторларындағы тауар өндіру мен қызмет көрсетудің ұлғаюы әсер еткен: құрылыс — 2018 жылғы көрсеткіштің 112,7%, сауда — 107,5%, көлік — 105,6%, байланыс — 104,5%, өнеркәсіп — 103,5%.

Госбюджет-2.png

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер