Цифрландырудың нәтижесінде мемлекет қазынасына қосымша 520 млрд теңге түскен

Соңғы 10 айдың қорытындысы жарияланды

Мемлекеттік бюджетке салық  түсімдерінің өсу қарқыны соңғы 10 айда 14% құраған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 911 млрд теңгеге артық. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салық және кедендік әкімшіліктендіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты. 

Бірқатар цифрлық жобалар іске асырылуда, оның ішінде «АСТАНА-1», «Е-терезе», «Электронды шот-фактуралар», «Виртуалды қойма», «Тәуекелдерді басқару жүйесі» ақпараттық жүйелері бар, бұл процесті оңтайландырып, салық және кеден операцияларын жүргізуді жылдамдатып, ашықтығын арттырады. 
Мемлекеттік кіріс органдары жүйесін цифрландырудың нәтижесінде, бюджетке қосымша 520 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. 

«Мүдделі мемлекеттік органдар бұл бағыттағы үйлестірілген жұмыстарды жалғастыруы тиіс. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмасы бойынша 1-қаңтардан бастап айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару бойынша рақымшылық жүргізіліп жатыр. Жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы жалғасуда», – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы мемлекеттік қолдау және салық төлеушілердің қарыздарын нөлдеу нәтижесінде, бұғатталған банк есепшоттары ашылып, мүлікті пайдалануға шектеулер алынып тасталғанын атап өтті, бұл кәсіпкерлік қызметті жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1-қаңтарынан арнайы салық режимдерін қолданыла бастады, микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығын төлеуден және тексерулерден 3 жыл мерзімге босатылады», – деді А. Мамин.

Премьер-Министр Қаржы министрлігіне тәуекел деңгейі жоғары  бағыттарды бақылауға баса назар аударумен бюджетке түсімдердің жасалған жоспарын сапалы орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. 

2020 жылдың 1-сәуіріне дейін Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер, Әділет министрліктеріне, барлық мемлекеттік органдарға және әкімдіктерге, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына деректер базасын жандандыруды аяқтау тапсырылды.

«Мемлекеттік кірістер органдары мен әкімдіктер микро және шағын бизнес субъектілерінің онлайн бақылау-кассалық машиналарды, pos-терминалдарды қолдану толықтығын, кірістер мен шығыстарды жеңілдетілген есептеуді кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз етуінің маңызы зор», – деді А. Мамин.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif