Жыл соңына дейін барлық бақылау-кассалық аппараттары онлайн жұмыс істейді

Тағы 430 мыңнан астам салық төлеуші онлайн кассалық-бақылау аппаратын қолданатын болады

Иллюстрация: Shutterstock

2020 жылғы 1-қаңтардан  патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер және бірыңғай жер салығын төлеушілер онлайн бақылау-кассалық аппараттарын қолдануға міндеттеледі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев баспасөз-жиыны барысында мәлімдеді. 

Министрліктің мәліметі бойынша, патентпен жұмыс істейтіндер  мен бірыңғай жер салығын төлейтіндердің саны 513 512-ге (оның ішінде, 338 63-і – патент негізінде,174 876 шаруа қожалықтары) жеткен.  Солардың арасында  76 552 салық төлеуші бақылау-кассалық аппаратын пайдаланып келеді. 

Осылайша, 436 990 патент иелері және шаруа қожалықтары 2020 жылғы бірінші қаңтардан бастап онлайн бақылау-кассалық машиналарын орнатуға міндетті, оған қоса, оны тіркеу керек. 

Спикердің айтуынша, интернет жоқ аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің онлайн бақылау-кассалық аппаратын орнатуы міндетті емес. 

«Онлайн БКМ енгізу жұмысы 2015 жылдан бері белсенді жүргізіліп келеді. 2019 жылдың басынан оған базарларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер қосылды. Қазіргі кезде жалпы саны 535 мың касса тіркелсе, оның ішінде, онлайны – 505 мың. Қалған кәсіпкерлер жыл соңына дейін қосылуы керек», –деді Руслан Еңсебаев. 

Онлайн бақылау-кассалық машиналарын енгізу қаржы айналымын көлеңкеден шығарып, осы саладағы жемқорлықты азайтады. 

Бұған дейін, салық органдары табысын жасырып отырған бизнесмендерді қалай анықтайтынын айтқан еді. Бұл үшін онлайн бақылау-кассалық машиналарының мәліметтері мен үшінші тұлғалардың ақпараты сарапталатын екен.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif