1 view

Ұлттық банк: Проблемалық несиенің нақты көлемі ресми статистикадан жоғары

Дегенмен реттеуші жағдай жақсарып келе жатыр деп тұжырымдайды

Фото: Аскар Ахметуллин

Проблемалық несиелердің нақты көлемі Ұлттық банктің ресми статистикасында көрсетілген деңгейден біршама жоғары дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

«Төлем мерзімі 90 күннен кешіктірілген несиенің көлемі ресми статистикада көрсетілген деңгейден жоғары екені анық. Дегенмен 3 жыл бұрынғыдай өте үлкен емес. AQR өткізіп жатқанымыздың себебі – жасырын проблемалық несиелердің көлемін анықтау», – деді төраға орынбасары II стратегиялық бастамалар форумында.

Осы ретте Смоляков Ұлттық банк қарыздарды қайта құрылымдап немесе қайта қаржыландырып жатқан банктерді аса қолдамайтынын үнемі айтып келе жатқанына тоқталып өтті.

«Жалпы қарызды қайта құрылымдау – аса нашар тәсіл емес. Алайда осы уақытқа дейін лицензиясынан айырылған банктердің тәжірибесі олардың несие қоржынында қайта құрылымданған несиенің үлесі өте үлкен екенін байқатады. Де-факто төлем мерзімі өтпеген, алайда де-юре қайта құрылымданған жасырын несиелерді сараптай келе, егер банк жүйесінің капиталын жасырын проблемалық қарыз көлемімен салыстырсақ, 2016-2017 жылдары банк жүйесіндегі капитал көлемі теріс болған деген қорытындыға келдік»,– дейді  Смоляков.

Сонымен қатар Ұлттық банк өкілі соңғы 3 жылда қолға алынған шаралардың нәтижесінде банктердің капиталы жеткілікті, нормативтерге сай келетінін айтып өтті.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер