Қаржы министрлігі картаға онлайн-аударымды не үшін бақыламақ?

Ұлттық банктің ұстанымы қандай?

Фото: Аскар Ахметуллин

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев  Қаржы министрлігінің аударым арқылы жасалған төлемдерді реттеуге бағытталған жоспарына қатысты пікір білдіре келе, бұл шара көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталғанын айтып өтті. 

«Меніңше, қаржы министрлігі салық салуды көздеп отырған жоқ, тек осы төлемдерден салық төленіп жатқанын көргісі келеді. Қолма-қол ақшасыз  төлемнің өсуімен бюджет кірісінің артуы қатар жүруі тиіс. Бұл қалыпты жағдай, өйткені қаржы көлеңкелі айналымнан шығады»,–деді Досаев. 

Осы орайда, бас қаржыгер министірлік пен Ұлттық банктің бірлесе қолға алған шаруасы елдегі көлеңкелі экомиканың үлесін азайтуға бағытталғанын баса айтты. Бұл жұмыстың нәтижесі – ел қазынасына түсетін қосымша табыс болуы тиіс. 

Сонымен қатар, Ерболат Досаевтың айтуынша, әзірге бұл тек ұсыныс қана, ол алдағы уақытта қоғамның талқысына ұсынылып, қаржыгерлер қауымының да пікірі ескеріледі.

«Бұл мәселе Kaspi Bank төлемдеріне ғана қатысты емес», – деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы. 

Айта кетейік, өткен аптада Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Сенат кулуарында егер адам төлем түріндегі аударымнан табыс тауып отырса, оған салық салынуы тиіс деп мәлімдеген еді. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif