Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы бойынша жұмыс неге тоқтап тұр?

Берешек көлемі қомақты болса да, мемлекет заңды қабылдауға асығар емес

Фото: Depositphotos

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы бойынша жұмыс қайтадан тоқтап тұр. Бұл құжаттың көрмегені жоқ десек те болар, 2015 жылы «Ақ жол» партиясы борышкерлерді қаржылық оңалту жүйесін әзірлеп, кейін бұл бастаманы Қаржы министрлігі іліп әкеткен еді, енді мемлекеттік орган да үнсіз қалды.

Ұлттық банктің дерегі бойынша, жеке тұлғаларға берілген банк несиелерінің құрылымында төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздың үлесі 9,5 пайызды құрайды. Сарапшылар бұлардың барлығы потенциалды банкрот тұлғалар деп тұжырымдайды. Халықтың қарызға белшесінен батқанына қарамастан, мемлекет борышкерлерді оңалту жөніндегі заңды қабылдауға асығар емес. 

Өз үйім – өлең төсегім

«Аталмыш жоба бойынша жұмыс ипотекалық несиелеудің: мерзімі өткен қарызды алғашқы сатысында қайта құрылымдауға мүмкіндік беру, проблемалық қарызды сотқа дейін реттеу құралдарын көбейту және қарыз міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепіл институтын қалпына келтіруге бағытталған жаңа ережелердің енгізілуі себепті тоқтап тұр,– деді депутаттар сауалына жауап берген Қаржы министрі Әлихан Смайылов, – Банкроттық институтын енгізу мәселесі соттан тыс өндіріп алу тетігінің іс жүзіндегі тиімділігі бағаланғаннан кейін ғана қарастырылады». 

Қаржы министрлігінің жобасы борышкерлер мәселесін екі түрлі жолмен шешуді ұсынады: сотқа дейін және сот арқылы. 

Министрлік өкілдері  сотқа дейінгі рәсім борышкер мен кредиторлардың жинақталған қарызды қайта құрылымдау және оны бес жыл ішінде біртіндеп төлеу шарттары туралы ерікті келісіміне негізделеді деп хабарлады. Ал мәселе сот арқылы шешілер болса, борышкердің барлық дүние-мүлкі сатылып, одан түскен қаржы кредиторлармен есептесуге жұмсалады немесе борышкердің ешбір мүлкі жоқ екені расталады. Бұл ретте адамдар қандайда бір төлем жасаудан босатылады, алайда барлық дүние-мүлкінен айырылады. 

Қаржылық ортадағы сенімді дереккөз, Қаржы министрлігі егер бұл борышкердің жалғыз баспанасы болса, оны сот шешімі арқылы сатуды заң жобасынан алып тастағанын айтады. Ал банкирлер шенеуніктермен дауласуды баяғыда-ақ қойып, «бұндай жағдайда ипотекалық несие бере алмаймыз» деп қысқа қайырған. Осы ретте мемлекеттік бағдарламалардың орындалмай қалу қаупі шенеуніктердің көңілін су сепкендей басқанымен, жеке тұлғаларды қаржылық оңалту жөніндегі заң жобасын ұсынған партия мүшелерін тоқтатпақ емес.

«Ақ жолдың» нұсқасы

«2015 жылы біз ұсынған заң жобасы қабылданбады, өйткені оны ведомствоаралық комиссия қолдамады. Біз үкімет ұсынатын нұсқаны күтпей-ақ, қолда бар құжатқа қазіргі жағдайды ескере отырып бірқатар өзгерістер енгізіп, қайта ұсынатын боламыз»,– деп өз жоспарларымен бөлісті «Ақ жол» фракциясының депутаты, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті мүшесі Дәния Еспаева.

Парламенттегі қызметіне дейін Дәния Еспаева ханым 30 жылдан аса еліміздің банк жүйесінде жұмыс істеген, соның ішінде 17 жылында Әлем банк пен БТА банкте жоғары лауазымды қызмет атқарған. 

Депутаттың айтуынша, заң жобасы ең алдымен азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған. 
«Біздің мақсатымыз – адамның қарызын жабуына мүмкіндік беру. Әртүрлі банктен бірнеше қарыз алған кісілер көп. 

Кредиторлар олардың өтінішін кері қайтарады,  өйткені бір банк қарызды қайта құрылымдағанымен, екінші банк ондай қадамға бармауы мүмкін екенін түсінеді. Сондықтан сотқа дейін борышкерді банкрот деп танып, оның бүкіл банк алдындағы қарызын өтеу кестесін түзіп беретін құзыретті орган немесе тұлға болуы керек»,– деп түсіндірді Еспаева ханым. 

Осындай оңалту жоспары клиенттің банк алдындағы берешегін 10 жыл ішінде өтеумен қатар, дүние-мүлкін сақтап қалуға мүмкіндік береді. 

«Заңда банкрот пен оның қамқорындағы адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейі қарастырылады. Қазіргі кезде сот орындаушылары борышкер жалақысының 50 пайызынан аспайтын төлем санап береді, алайда осы 50 пайыз оның отбасын асырауына жетуі екіталай»,– деп пайымдайды депутат. 

Оңалту шарасы бастала салысымен, бүкіл айыппұл пен өсімақы өсімі тоқтатылады. Әкімшінің міндетіне (жоба авторларының пайымдауынша, бұл міндет Қаржы министрлігіне жүктелмек) банкроттың барлық дүние-мүлкі, есепшоттары мен міндеттемелері туралы бүкіл ақпаратты тексеру кіреді. Сондай-ақ,  борышкердің төлем қабілетін тексеріп, әр кредитормен қарыз өтеу кестесі жөнінде келіседі.

«Бұл заң кредиторларға да, борышкерлерге де ыңғайлы болуы тиіс. Мәселен, оңалту шараларынан бұрын борышкер банкке барып, сотқа дейін бір мәмілеге келуге тырысуын талап етіп отырмыз. Банк осындай өтінішті қарастыруға міндетті. Егер банк мәселені сотқа дейін шешуден бас тартса және оның еш негізі болмаса, онда борышкер уәкілетті органға жүгініп, оңалту шараларын жүргізуді сұрай алады. Мәселе бұл жерде де шешілмесе, онда сотқа баруға тура келеді», – деп депутат заң жобасын түсіндіріп өтті.

Заңгер сараптамасы

Қаржы заңгері Евгений Сейпульник жалпыхалықтық табыс жариялау басталмайынша, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң еш нәтиже бермейтініне сенімді. Өйткені жалақысын конвертпен алатындардың қатары әлі де көп. 

«Жеке тұлғалар банкроттығын енгізу үшін азаматтық, әкімшілік, салық және қылмыстық саладағы құқықтық қатынастарды қайта қарау қажет»,– дейді сарапшы. – Адамды банкрот деп тану жүйесі жоқ. Кредиторлардың шығынын кім, қалай өтейтіні белгісіз. Айталық бүгін сіз жұмыссыз қалып, сізді банкрот деп таныды делік, ал сіздің мал-мүлкіңізді сатып үлгерген жоқ. Біраз уақыт өткен соң жаңа жұмысқа орналасып, қарызды төлеуге шамаңыз келеді. Сона не істемек?».

Десе де заңгер азаматтардың қаржылық төлем қабілетін қалпына келтіру туралы заң біздің қоғамға баяғыдан керек деп тұжырымдайды. 

«Бұндай құжат қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің  алдын алып, мемлекетті несие кешіруге кететін шығыннан босатып, банкирлердің  өз портфелін дұрыстап есептеуіне мүмкіндік берер еді. Көп жылдар бойы айтылып келе жатқан бос сөзден басқа, нақты қадам, банкроттық туралы бірде-бір заң жобасын көрген жоқпын»,– дейді Сейпульник.

Өзге елдерде қалай?

АҚШ

Жалпы борышкерді банкрот деп тануға бар-жоғы 3-4 ай кетуі мүмкін, алайда адамды банкрот деп таныған күннің өзінде бүкіл қарызы кешірілмейді. Бұндай қарызға: білім несиесі, алимент, салық бойынша кейбір қарыздар және әкімшілік айыппұл жатады. Несие картасы бойынша борыш, медициналық қызмет үшін және жеке қарызы кешіріледі. Борышкер өзін 8 жылда бір рет қана банкрот деп жариялап, банкрот деп тану процесінен өте алады. 

Ұлыбритания 

Банкрот деп танылған азамат көптеген шектеулерге тап болады. Мәселен ол енді заңгерлер қауымдастығының мүшесі, жылжымайтын мүлік агенті, конкурс басқарушысы, биржа брокері және коммерциялық құрылым басшысы бола алмайды. Мемлекеттік қызметте де осындай шектеу бар. 500 фунтов стерлингтен жоғары несие аларда немесе жаңа жұмысқа орналасар кезде өзінің банкрот мәртебесі туралы ескертуі тиіс. Бұл ретте азамат жылжымайтын мүлігінен айырылып, кез-келген материалдық кірістен төлем төлеуге мәжбүр. Дегенмен кредиторлардың зейнетақы жинағын есепке алуға құқығы жоқ. 

Жапония 

Өзін-өзі банкрот деп жариялаған азаматтар өмір бойына компания басқару, адвокат, нотариус, есепші болу құқығынан айырылады және кәмелеттік жасқа толмағандардың қамқоршысы бола алмайды. Бұндай адамдардың активін арбитражды басқарушы басқарады. Борышкер өзінде бірқатар жиһаз бен жеке қажеттілігі үшін аз-маз ақша қалдыра алады. Егер жеке көлігі мен полисінің құны 2,5 мың доллардан аспаса, олар да банкрот кісіде қалады. 

Австралия 

Бұл елде 3,5 мың доллардан астам қарызы бар кез келген жеке тұлға өзін-өзі банкрот деп жариялай алады. Оның барлық мүлігі кредиторларға өтеді, дегенмен ол қажетті құрал-жабдық,  арзан көлік, жиһаз мен тұрмыстық заттарды өзінде қалдыра алады. Сонымен қатар, өмір мен денсаулықты сақтандыру аясында жинаған қаржысын мақсатты түрде жұмсай алады, зейнетақы құқығы саталады. Егер борышкер құмар ойын ойнаса және қарызы күн сайын көбейіп жатса, онда айыппұл ретінде ықпал ету шаралары қарастырылған. Банкроттық туралы заңмен бекітілген ережені бұзған жағдайда, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Теңгенің әлсіреуіне не себеп?

Ұлттық банк бұл дамушы елдердің валюталарына ортақ құбылыс деп тұжырымдайды

Фото: kursiv.kz

Өткен аптадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің нарықтық бағамы 0,9%-ға (414,09-дан) құнсызданып, бір АҚШ доллары үшін 418 теңге деңгейінде қалыптасты. Ұлттық банктың жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша 24-31 шілде аралығына жасаған шолуында теңгемен қатар, реал, рупия, песо, лира және рубль бағамы қамтылған.

«Сыртқы валюта нарығында  бұл аптада бірқатар маңызды оқиғалар болды. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде (0-0,25%) сақтап қалып, ФРЖ басшысы Орталық банк ынталандырушы саясатының ұзақ уақыт сақталатыны және экономиканы қалпына келтіру үшін реттеушінің басқаруындағы барлық құралдардың пайдаланатынын мәлімдеген. Апта ішінде әлсіз макроэкономикалық деректер мен Дональт Трамптың президенттік сайлауды кейінге қалдыру ұсынысына байланысты саяси тәуекелдердің өсуі аясында АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі байқалды. 2020 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткішті есептеу басталған кезден АҚШ (-32,9% ж/ж) және Еуроаймақ (-15% ж/ж) экономикаласының аса қатты құлдырағаны байқалды» делінген реси хабарламада. 

Осы орайда Ұлттық банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов дамушы елдер валюталарының құнсыздану ортақ тренд деп пайымдайды.

«Валюталардың әлсіреуі дамушы елдердердің валюта нарығына ортақ құбылыс екенін атап өткім келеді. Мысалы, Түркия, Оңтүстік Африка және Ресей валюталары  теңгеден де қатты әлсіреп, сәйкесінше 1,8%, 2,5% және 3,4%  құнсызданды. Теңге бағамына мұнай бағасынан бөлек, ішкі факторлар мен рубль динамикасы әсер етеді», – дейді Ұлттық банк өкілі.  

Айталық, Бразилия реалы АҚШ долларының макроэкономикалық көрсеткіштер нашарлауы салдарынан 0,2%-ға әлсіреуі нәтижесінде сәл-пәл  (5,23-тен 5,22-ге) нығайды. Коронавируспен күреске бағытталған шығынның өсуі себепті бюджет тапшылығы қатарынан үш айда рекордтық деңгейде тұр. 

Индонезия рупиясы 0,1%-ға (14 610-нан 14 600-ге) нығайды. Қаржыминінің болжамы бойынша бюджет тапшылығы алдыңғы болжамның шегінен  4,7%-ға шығып, 2020 жылы 5,2%-ға жетеді.

Мексика песосы апта ішінде 22,28 деңгейінде қалды. Сауда балансының профициті маусымда $5,55 млрд (талдаушылардың $1,55 млрд болады деп күткен) болды.  
Үнді рупиясы қаралып отырған кезеңде 74,83-тен 74,82-ге нығайып, валюта бағамы аса өзгерген жоқ. 

Түрік лирасы 1,8%-ға (6,85-тен 6,97-ге) әлсіреді.  Орталық банк жыл соңындағы инфляцияның қарқыны бойынша болжамды 8,9%-ға дейін 1,5 п.т. өсірді.   

Оңтүстік Африка ранды сауда балансы туралы деректер шығардың алдында борыш нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 2,5%-ға (16,66-дан 17,07-ге дейін) әлсіреген. 

Ресей рублі дивидендтік кезең шеңберінде рубльдегі қаражаттың шетелдік валютаға айырбасталуы аясында 3,4%-ға (71,7-ден 74,13-ке) әлсіреді.  

курс валют 24-31 июля-01-01 (1).jpg

Дереккөз: Ұлттық банк

Нұржан Тұрсынхановтык айтуынша, теңге динамикасының өзгеруі мен валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. 

«Ең бастысы – мұнай бағасы.  Бірінші жартыжылдықта минералды өнімдер барлық экспорттың 70%-ын құрап, олардың бағасы әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты төмендеді. Ол өз кезегінде теңгеге кері әсерін тигізді. Енді қор биржасындағы қазіргі жағдайды және теңгенің бағамына қатысты жайтты талдап көрейік. Құрбан Айт мерекесіне орай жұма күні биржа жұмыс істемеді. Ал сол кезде әлемдік қаржы нарығы өз қызметін жалғастыра берді. Сондықтан, дүйсенбіде банктер биржада валютаны  әдеттегіден көбірек сатып алды»,– деді Нұржан Тұрсынханов.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бері, биржада күн сайын орта есеппен 110 млн доллар саудаланағанын айтып өтті. Бұл көрсеткіш 80 миллионнан басталып,  170 миллионға дейін жетеді.

     

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg