Халықтың нақты ақшалай табысы 6,7 пайызға өскен

Жарияланды
Табыстың өсуі тұтынушылық сұраныстың артуына ықпал етеді

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Алматыда өткен брифинг барысында «халықтың табысының артуы оның тұтынушылық сұранысын кеңейтті» деп мәлімдеді. 

«Тауар мен қызмет түрлеріне деген тұтынушылық сұраныс артып келеді. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында халықтың нақты ақшалай табысы 6,7 пайызға өскен. Бұл үрдіске әлеуметтік қолдаудың артуы, жалақының өсуі және бір жылда көлемі 22,6 пайызға артқан тұтынушылық несиелеудің көбеюі ықпал етті», – деп статистикадан келтіріп өтті бас банкир. 

Досаев мырза халықтың табысы іскери белсенділіктің артуы есебінен өсті деп пайымдайды. Мәселен, қаңтар-қыркүйек айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 4,7 пайызға артқан. 

«Ішкі экономика тұрақты өсім көрсетіп тұр. Мәселен, құрылыс саласында –13,5%, сауда-саттықта –7,6%, көлік тасымалында –5,5%, өңдеу және тау-кен өнеркәсібінде 3,5% және 3,1% өсім байқалды»,– деп түсіндіріп өтті Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз