Skip to main content

Халықтың нақты ақшалай табысы 6,7 пайызға өскен

Табыстың өсуі тұтынушылық сұраныстың артуына ықпал етеді

Фото: Олег Спивак

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Алматыда өткен брифинг барысында «халықтың табысының артуы оның тұтынушылық сұранысын кеңейтті» деп мәлімдеді. 

«Тауар мен қызмет түрлеріне деген тұтынушылық сұраныс артып келеді. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында халықтың нақты ақшалай табысы 6,7 пайызға өскен. Бұл үрдіске әлеуметтік қолдаудың артуы, жалақының өсуі және бір жылда көлемі 22,6 пайызға артқан тұтынушылық несиелеудің көбеюі ықпал етті», – деп статистикадан келтіріп өтті бас банкир. 

Досаев мырза халықтың табысы іскери белсенділіктің артуы есебінен өсті деп пайымдайды. Мәселен, қаңтар-қыркүйек айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 4,7 пайызға артқан. 

«Ішкі экономика тұрақты өсім көрсетіп тұр. Мәселен, құрылыс саласында –13,5%, сауда-саттықта –7,6%, көлік тасымалында –5,5%, өңдеу және тау-кен өнеркәсібінде 3,5% және 3,1% өсім байқалды»,– деп түсіндіріп өтті Ұлттық банк басшысы.

banner_wsj.gif

Шілде айында жинақ депозиттер бойынша мөлшерлеме қандай болмақ?

Депозиттерге кепілдік беру қоры мөлшерлеме бұрынғы деңгейінде қалады дейді

Фото:shutterstock.com

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша шілде айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің бекітілгендігін хабарлайды. 

12 және 24 айға қабылданған жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын шекті мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалады, яғни толықтырылатын түрі - 12,9% және сәйкесінше толықтырылмайтын түрі - 14,9%. Бұл ретте осы мерзімдерге ашылған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер толықтырылатын түрі бойынша 0,1 пайыздық тармаққа және толықтырылмайтын түрі бойынша 0,3 пайыздық тармаққа азаяды. 

Айта кетелік, 12 және 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер орташа алынған нарықтық сыйақы мөлшерлемелері негізінде есептеледі. 
  
ҚДКБҚ қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін баяу төмендету туралы бұған дейін қабылдаған шешіміне сәйкес базалық мөлшерлемеге қатысты спредті 1 п. тармаққа төмендетті. Осылайша 9,5 пайыз болатын қазіргі қолданыстағы базалық мөлшерлеме мен жеке тұлғалардың салымдары бойынша бұған дейін бекітілген мөлшерлемелер арасындағы алшақтық біртіндеп азайтылды.
 

tablicha_node_173188.JPG

Соның нәтижесінде теңгедегі мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 10,0 пайыз деңгейінде бекітіледі. Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 ай мерзімге арналған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер – 10,0 пайызды, толықтырылмайтын түрі бойынша - 10,5 пайызды құрайды. Осы мерзімге арналған жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер, толықтырылатын түрі бойынша – 11,0 пайызға, ал толықтырылмайтын түрі бойынша 11,5 пайызға тең.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png