Halyk Bank басқармасы Forte Bank-тің бұрынғы топ-менеджерімен толықты

Сөйтіп, басқарма құрамы 10 адамға дейін кеңейді

Фото: Kursiv.kz

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен қаржы институтының басқарма құрамы 10 адамға дейін артты. Басқарма төрағасының жаңа орынбасары болып, бұрын «Forte Bank» АҚ осындай лауазымда болған Жұмабек Мамутов сайланды. Бұл туралы Халық банктың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Бұдан бөлек, Ертай Сәлімов банк басқармасы мүшесі ретіндегі өкілеттілігі сақтала отырып, басқарма төрағасының орынбасары, Астана аймақтық филиалының директоры лауазымына ауыстырылды. Оған ұлттық компаниялармен атқарылатын жұмысқа бақылау жасау жүктелді, делінген хабарламада. 

Бұдан бұрын Мамутов мырза Forte Bank-тен бөлек басқа да жауапты лауазымдарда қызмет атқарды, атап айтқанда, «Банк Kassa Nova» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Сбербанк» ЕБ АҚ,  «Казинвестбанк» АҚ, «АБН AMRO Банк Казахстан» ЕБ АҚ және тағы басқаларында 

«Қазақстанның Халық Банкі» акционерлік қоғамының төрайымы Үміт Шаяхметова болып табылады. 

1-қазандағы жағдай бойынша Халық банктің активтері 8,6 трлн теңгені құраған. Банк міндеттемелері 7,4 трлн теңгені, ал меншікті капитал – 1,1 трлн теңгені құраған. Несиелер бойынша мерзімі өткен қарыз сомасы – 343,7 млрд теңге. Жеке тұлғалардың салымдарының көлемі 3 трлн теңгені құраса, заңды тұлғалардікі – 3,1 трлн теңгеге тең болды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif