Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетілуде. Бүгінге дейін елдегі 5 803 отбасына 100 АЕК немесе 369 200 теңге көлемінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам біржолғы төлем берілді. 877 отбасына материалдық шығын үшін жалпы 380 млн теңге өтемақы төленді. Суға кеткен мал ақысын сұрағандарға 38,9 млн теңге бөлінді.
Өңірлік комиссияларға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарынан 13 577 өтініш келіп түскен.
18 сәуірдегі жағдай бойынша су тасқынынан жарамсыз болып қалған 2602 тұрғын үй тексерілді. 1499 үйге бағалау жүргізілді. Соның нәтижесінде 794 үйдің жөндеуге келетіні, 701 баспананың мүлдем...