2022 жылы инфляция төмендей ме?

Жарияланды
ЕАДБ макроэкономикалық болжамын жариялады

2022 жылы Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,2 пайызды құраса, елдегі инфляция деңгейі 6 пайыз болмақ. Бұндай болжам Еуразия даму банкінің 2022 жылға арналған макроэкономикалық талдауында жасалған.Талдау банкке мүше елдердің 2021 жылғы экономикалық дамуын қорытындылап, 2022–2023 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық болжамды ұсынады. ЕАДБ сарапшылары аймақ экономикасын қалпына келтіру белсенді фазасы биыл аяқталады деп тұжырымдайды. Нәтижесінде бұл елдердің жиынтық жалпы ішкі өнімі 4%-ға жетпек. 

Банк баяндамасында 2022 жылы экономикалық өсім пандемияға дейінгі деңгейінен де асып, 2,9%-ға жетеді делінеді. Инвестицияларды қолдау, қызмет көрсету саласын қалпына келтіруді жеңілдету және мұнай өндіруді арттыру  сынды үкімет қолға алған шаралар өсу қарқынын сақтауға көмектеседі.
EABR сарапшылары биыл жаһандық экономика өзінің қалпына келу шегінен өтіп, жаһандық ЖІӨ өсімі бірте-бірте баяулайтынын айтады. Жаһандық инфляциялық қысым 2022 жылы да сақталады, алайда жаһандық сұраныстың қалыпқа келуі мен ұсыныстың артуына байланысты инфляция төмендеуі ықтимал.   Банк сарапшылары 2022 жылы бір  баррель Urals мұнайының  бағасы орта есеппен 72,5 АҚШ долларын құрайды деп болжайды. Орташа жылдық инфляция 2022 жылы АҚШ-та – 4% ал Еуроаймақта 3% болады деген болжам жасалған. 

2020 жылы фискалдық және монетарлық жеңілдіктердің әсері,  жұрттың пандемияға бейімделуі, жаһандық сұраныстың кеңеюі және аймақтың негізгі экспорттық тауарлар бағасының көтерілуі қолдау тапты. Сарапшылар банк жұмыс істейтін елдер арасында экономиканың қалпына келу деңгейі біркелкі емесін айтады. Қазақстан, Ресей, Беларусь және Тәжікстанның ішкі жалпы өнімі пандемияға дейінгі деңгейінен асып түссе, ал Армения мен Қырғызстан әлі оған қол жеткізген жоқ. Армения мен Қырғызстанның экономикасы былтыр біраз құлдырағандықтан, қалпына келуіне де көбірек уақыт қажет. Аймақ бойынша ЖІӨ өсімі жылына 4% деңгейінде қалыптасуы мүмкін. 

ЕАДБ сарапшылары экономиканың қалпына келу кезеңі аяқталғаннан кейін,  экономикалық белсенділік біртіндеп теңгерілген мөлшерлемелерге ауысады деп есептейді. Мұндай жағдайда экономиканың «қызып кетуіне» жол бермес үшін, фискалды ынталандыру азайып, ақша-несие шарттары қатайтылады.

«Базалық сценарий бойынша ЕАДБ-ға мүше елдердің ЖІӨ-сі 2022 жылы 2,9%-ға өседі деген болжам бар. Экономикалық өсім пандемияға дейінгі (2019 жылы 2,9 пайыз болған) деңгейден жоғары болып тұр. Біз 2022 жылы Ресейдің ЖІӨ 2,8%-ға, Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 4,2%-ға өседі деп болжап отырмыз. 2022 жылы Армения мен Қырғызстанда ЖІӨ өсімі тиісінше 4,8% және 4,5% деңгейінде болмақ. Бұл – осы елдер экономикасының пандемияға дейінгі деңгейі. Тәжікстан жылына шамамен 6-7% тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізеді. Беларусь  мүмлекетінде ЖІӨ өсімі 0,7% құрайды» дейді ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Даленов. 

2022 жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері

WhatsApp Image 2021-11-26 at 15.40.58 (1).png
Дереккөз: ЕАДБ талдаушыларының есептеулері

ЕАДБ сарапшылары аймақтағы инфляция келер жылы 5,3%-ға дейін баяулайды деп пайымдайды. Ал Қазақстанда ол 6 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.

ЕАДБ сарапшылары сондай-ақ 2022 жылы Банкке мүше елдердегі ақша-кредит шарттары деинфляциялық әсер береді деген пікірде.  Жоғары инфляция салдарынан ЕАДБ мүше-мемлекеттердегі  базалық мөлшерлеме 2021 жылдың соңына дейін көтерілуі мүмкін. Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшерлеме  8–8,5% және 9,75–10% диапазонында болады. Келер жылы инфляция баяулауы нәтижесінде Қазақстанда базалық мөлшерлеме 9,5-9,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Бейтарап деңгейге тек  2023 жылы қол жетеді. 

«COVID-19 туындатқан дағдарыс жаһандық экономика трансформациясын жеделдетті. Ол бұрынна бар еді, дегенмен көзге анық байқалмайтын бірнеше мегатрендті күрт күшейтті. Олардың қатарында цифрландыру, жасыл экономикаға көшу, цифрлық және әлеуметтік теңсіздіктің өсуі жатады» дейді.  ЕАДБ және EFSD бас экономисі Евгений Винокуров.

Сондай-ақ оқыңыз