Қазақстанда инфляция деңгейі қандай?

Жарияланды (жаңартылды )
2020 жылы азық-түлік қымбаттаған

Қазақстанда жылдық инфляция қарашадағы 7,3%-пен салыстырғанда 2020 жылдың желтоқсан айында 7,5%-ке дейін артқан. Бұл жөнінде Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Ұлттық банк инфляция деңгейі 7-7,5 процент болады деп болжаған.

«Бағаның жалпы өсіміне ең көп үлес қосқан – азық-түлік инфляциясы. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі нарықтағы жекелеген өнімдер (өсімдік майы, қант, жұмыртқа) теңгерімсіздігі күшейгеннен 10,8%-тен 11,3%-ке дейін артқан» деді ҰБ төрағасы.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция киім мен аяқ киім бағасының 4,8%-ке (қарашада – 5,2%)  аззандауының  арқасында 5,7%-тен 5,5%-ке дейін баяулады.

Ақылы қызмет инфляциясы қоғамдық тамақтану қызметі мен қонақ үйде қызмет көрсету бағасының қымбаттауына байланысты 4,1%-тен 4,2%-ке дейін жеделдеді.

Бұған дейін желтонсан айындағы үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов болса әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі жыл басынан бері 9,6 пайызды құрағанын айтқан еді. Министрдің айтуынша, бағаны тұрақтандыру үшін 9 тауарға шекті құн белгіленген, тағы 7 тауардың экспортына шектеу қойылған, қосымша құн салығының мөлшері 12-ден 8 пайызға төмендетілген. Алайда соған қарамастан қазан айында баға қайтадан өскен. Қымбатшылық жағынан Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар мен Атырау облыстары көш бастап тұр. «Әлеуметтік маңызы бар тізімге кіретін 19 тауардың 8-інде баға 10 пайыздан 30 пайызға дейін өскен.

Сондай-ақ оқыңыз