Үкімет алдағы үш жылда Ұлттық қордан 8 трлн теңге алмақ

Бұл ақша әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады

Фото: Асқар Ахметуллин

2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мемлекет қазынасының шығыны артуы себепті, Ұлттық қордан бөлінетін трансферт көлемін арттыруды көздейді. Бұл туралы сейсенбі күні үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Республикалық бюджет тапшылығы 2021 жылы – 3,4%-ды, 2022 жылы – 2,5%-ды, 2023 жылға қарай 2,1%ды құрауы ықтимал. Осы тапшылықтың орнын толтыру үшін Ұлттық қордан 2021 жылы – 2,7 трлн теңге, 2022 жылы – 2,4 трлн теңге, 2023 жылы 2,2 трлн теңге қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, 2021 жылға 1 трлн теңге көлемінде мақсатты трансферт көзделген.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, кепілдендірілген трансферт әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталатын болады. 1 трлн мөлшеріндегі нысаналы трансферт даму бағдарламаларын қаржыландыруды арттыру үшін тартылады.

Ұлттық қор активтері 2020 жылдың соңына  таман 27,3 трлн. теңге (ІЖӨ-нің 38,5%), 2021 ж. – 26,6 трлн. теңге (34,7%), 2022 ж. – 26,9 трлн. теңге (32,7%), 2023 ж. – 27,6 трлн. теңге (30,8%) көлемінде  болады деп жоспарланған.

Досаевтың айтуынша, 2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қор қаражаты одан әрі төмендемейтін қалдық деңгейіне – ЖІӨ-нің 30%-на тең болады.

"Осыған байланысты, 2021 жылы контрциклді бюджет ережесінің енгізетінін ескере отырып, Ұлттық қордың жинақтау функциясын сақтау және мұнай тапшылығын азайту үшін шараларды қабылдау қажет болады", – деді Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, Үкімет дағдарысқа қарсы шараларға байланысты  биыл республикалық бюджет тапшылығын 2,1%-дан 3,5%-ға дейін арттыған болатын. Осы орайды Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет тапшылығы 2021 жылы жалпы ішкі өнімнің 3,4%-нан  2023 жылы 2,1%-на дейін төмендету жоспарланғанын айтты. 

Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, болжанатын кезеңге ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 4%-ды құрайды. ЖІӨ 2021 жылы 76,7 трлн теңгеден 2025 жылы 104,8 трлн теңгеге дейін өседі.

Ұлттық банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізін 2021 жылы 4-6% шегінде сақтап, кейіннен 2025 жылы 3-5%-ға дейін төмендейді деген болжам жасап отыр. 

2021 жылға арналған республикалық бюджетте шығысының ішінде жалақыны арттыру арқылы педагог пен медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, МӘМС-ке бөлінетін мемлекет жарна, орта білім беру ұйымдарында жан басына қаржыландыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту, газдандыру, жастар мен көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бар.
 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif