Ұлттық Банк айырбас орындарында шекті қолданысты 1 шілдеге дейін ұзартты

Жарияланды
Бұл шаралар қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған

Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің қолданылу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешiм қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Бұл шаралар айырбастау пункттеріндегі валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуға қарсы және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалы жағдайға байланысты қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:

1) АҚШ доллары – 6 теңге;
2) еуро – 7 теңге деңгейінде белгіленді.

Қабылданған шектеулер қолма-қол ақшасыз өткізілетін айырбастау операцияларына таралмайды.

 

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкі айырбастау пункттері арқылы өткізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытына орнатқан болатын.
 

Сондай-ақ оқыңыз