Тоқаев ерте ме, кеш пе, теңге бағамы тұрақтанады

Мемлекет басшысы валюта нарығындағы жағдай туралы айтты

Фото: Аскар Ахметуллин

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында теңгенің бағамы тұрақтанады деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының айтуынша, құзырлы органдар валюта нарығына қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесетін болады. 

«Еліміздегі шетел валютасының басым бөлігі шикізатты сатудан түсетіні жасырын емес. Ерте ме, кеш пе, теңге бағамы тұрақтанады. Бірақ бұған сыртқы факторлар әсер етпей қоймайды. Теңгенің долларға қатысты бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынымның азды-көптігіне қарай түзелетіні белгілі. Сондықтан құзырлы органдар валюта нарығына қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесетін болады. Алдағы уақытта Ұлттық банк теңгенің еркін бағамы қағидатын ұстанып, Үкіметпен бірлескен жұмысын жалғастыра береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент Үкімет пен Ұлттық банк жағдайды тұрақтандыру үшін нақты шаралар қабылдағанын атап өтті.


«Мен квазимемлекеттік секторға экспорттан түсетін табыстың бір бөлігін ішкі нарықта сатуды тапсырдым. Сондай-ақ олар шетел валютасындағы депозиттерін еліміздің қаржы жүйесіне қайтаруда. Бұл қаражат нақты жобаларға жұмсалады. Осы және басқа да шаралар доллар тапшылығын болдырмау үшін жасалып отыр»,- деді ол.

Еске сала кетейік, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 425,41 теңгені құрады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif