COVID-19 әлем экономикасына 8,8 трлн доллар шығын келтіруі мүмкін

Жарияланды
Азия даму банкі жаңа есебін жариялады

Әлем экономикасы коронавирус пандемиясы салдарынан $5,8 триллионнан бастап,  $8,8 трлн дейін шығын шегуі мүмкін. Бұл әлемдік ЖІӨ-нің 6,4-9,7 пайызына тең. Азия даму банкінің есебінде осындай деректер келтірген.

Баяндамада Азия-Тынық мұхит аймағының шығыны 1,7 трлн доллардан тасталуы мүмкін екені жазылған. Қысқартылатын әлемдік өндірістің 30 пайызы осы аймаққа тиесілі. Қытай $1,1- $1,6 трлн шығын шегуі мүмкін. 

«Дүние жүзіндегі мемлекеттердің үкіметі салық-бюджет және ақша-несие саясатын жеңілдету, денсаулық сақтау шығындарын арттыру және табысынан айырылғандарды тікелей қолдау сияқты шараларды енгізе отырып, пандемия салдарына жылдам жауап берді. Осы шараларға бағытталған күш-жігер COVID-19 экономикалық әсерін 30-40%-ға жұмсарту мүмкін. Бұл шараның барлығы пандемия салдарынан жаһандық экономика шегетін шығын көлемін $4,1 трлн-нан $5,4 трлн-ға дейін төмендетуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Азия даму банкінің зерттеуі COVID-19 таралған 96 елді қамтиды. Жаңа есеп туризм, тұтыну, инвестиция, сауда және өндіріске байланысты қиындықтардан бөлек, өндіріс пен инвестицияға теріс әсерін тигізетін жеткізілімнің үзілуіне ықпал ететін сауда шығындарының өсуін қамтиды.

АДБ бас экономисі Ясуюки Савада, талдау COVID-19-дың ықтимал экономикалық әсерінің жалпы көрінісін байқатады дейді. Бұл талдаудың нәтижесін үкімет пандемияға қарсы күрес және оның экономикаға әсерін азайту жөніндегі шараларды әзірлеу мен іске асыруда нұсқаулық ретінде пайдалана алады. 

Қысқа және ұзақ мерзімді сценарийде шекаралардың жабылуы, сапарға шығуды шектеу мен карантин әлемдік сауда-саттықты $1,7 трлн-нан $2,6 трлн-ға дейін қысқартуы мүмкін екені жазылған. Дүние жүзі бойынша қысқартылатын жұмыс орны 158 миллионнан бастап, 242 миллионға жетуі мүмкін. Оның 70 пайызы Азия-Тынық мұхиты аймағына тиесілі болуы ықтимал»,– делінген хабарламада. 

 
Сондай-ақ оқыңыз