Мұнай бағасы ХХ ғасырдың соңынан бері алғаш рет қатты құлдырады

Бұл ел бюджетіне де кері әсерін тигізбек

Фото:shutterstock

Brent маркалы мұнай бағасы Лондон биржасында барреліне 16 доллардан төмен түсіп кетті. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10:30-дағы көрсеткіш бойынша мұнай бағасы 15,99 доллар шегіне жеткен.

Бұл – XXI ғасырдағы ең төменгі құлдырау шегі. Соңғы рет Brent 1999 жылы 16 доллардан төмен саудаланған еді. Жағдайдың бұлай әлсірейтіні кеше белгілі бола бастаған. 21 сәуір күні сағат 15:16 шамасында Brent мұнайы лондондық ICE биржасында 23,55 пайыздан 19,79 долларға дейін арзандап кеткен болатын. Сарапшылардың айтуынша, бұл мұнай маркасының 25 доллардан төмен түсіп кетуі – біздің теңге мен бюджетке тікелей кері әсерін тигізбек.

 Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлауынша, 11:00-дегі жағдай бойынша теңгенің орташа курсы 436,50 теңгеге жеткен. Осылайша, ол 5,10 теңгеге көтерілген. Ал жалпы сауда көлемі 85,45 млн долларды құрапты. KASE-нің хабарлауынша, 20-24 сәуір аралығында сауда, клиринг және есептерді өткізу регламенті өзгерген. Сейсенбі күні теңгенің орташа курсы 430,50 теңгені құраған еді. 

Ал 20 сәуір күні америкалық WTI мұнайының бағасы тарихта болмаған шекке дейін құлдырап, барреліне минус 40,32 долларға дейін арзандап сала берді. Кейін белгілі болғандай бағаның бұлай құлдырауы – белгілі бір мерзімде қара алтынды тасымалдау қызметін қамтамасыз ететін қаржылық құрал – фьючерске байланысты болған. Яғни, фьючерс уақыты 21 сәуірде тәмам болуы тиіс, сол себепті мұнай ешкімге қажетсіз болғандықтан мерзім бітуге бір күн қалғанда инвесторлар одан жылдам арылмақ болған. Сөйтіп, кез-келген минустық бағаға саудалаған. 

    21 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 1:15-те ресейлік Urals мұнайы да минус 2 долларға дейін арзандады. Бұл жағдай Қазақстан экономикасына да әсер етуі мүмкін бе? Сарапшылардың айтуынша, ахуал әлі болжайтындай деңгейде емес. 

    «WTI маркасы (Техас мұнайы) АҚШ үшін эталонды деңгей саналады. 20 сәуірде бұл мұнай бағасының құлағанына қарамастан жеткізіп беру мерзімі маусым айынан бастау алып, мұнай бағасы барреліне 20 доллардан жоғары болады. Қазақстан мұнайы қазіргі таңда Brent маркасының солтүстік-теңіз мұнайы арақатынасында барреліне 23 доллардан сатылып жатыр. Brent-ке төніп тұрған қандай да бір қауіп жоқ. Теңге курсына жағымды әсер ететін бірден-бір құбылыс, ол – әлем бойынша коронавирус деңгейінің төмендеуі. Бұл жағдай карантиннің тоқтауына, өз кезегінде ол мұнайға деген сұраныстың артуына алып келеді» дейді Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының (AERC) басқарушы директоры Олжас Төлеуов.

    Ал Қасымхан Қаппаровтың бағалауынша жағдай алаңдатарлық межеге жеткен. Себебі...

    «Мамыр айында Ресей мен Қазақстан мұнайы ешкімге қажет болмай қалады. Маусым айында баға 20 доллардан жоғары болады, алайда трейдерлер (брокерлік фирма қызметкері) біздің мұнайға Еуропадан клиент тауып бере алмаса онда жағдай бір айдан соң тағы да қиын күйге түсуі ықтимал. Қазақстан мұнайының басты тұтынушылары – Италия мен Германия. Ал олар әлі карантин құрсауынан шыққан жоқ. Ресей мен Қазақстаннан шығатын Urals мұнайын ешкімнің сатып алмауының басты себебі – Сауд Арабиясының өз мұнайын арзан бағада сатылымға шығарғаны. Мәселен, Польша Ресей мұнайының орнына енді Сауд Арабиясы өнімін тұтынатынын мәлімдеп үлгерді» дейді экономист.

    Егер ахуал осылай жалғаса берер болса, онда ОПЕК+ елдері тағы бір мәрте бас қосып, мұнай өндірісін тағы да қысқартуы ықтимал. Себебі, мұнай сақтаушы компаниялардың қоймасы қара алтынға аузы-мұрнынан шыға тола бастаған. Роттердамдық Royal Vopak NV компаниясының директоры Стив Сойердің айтуынша, біздің мұнай сақтайтын қоймамыз түгелімен толуға жақын. 


 


 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif