Skip to main content

Доллар тағы төмендеді

432 теңгеге дейін төмендеді

Фото: Shutterstock

Қазақстан қор биржасында таңертең теңге мен доллар сауда-саттығы өтті.

 

Сессия қорытындысы бойынша ұлттық валюта 3,15 теңгені құрады.

 

Теңгенің орташа бағамы - 432,45. 

banner_wsj.gif

Мемлекеттің 1 млрд теңгесі «желге ұшты»

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған кешен қаңырап бос тұр

Фото:Валерий Бугаев

Осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын Павлодар облысына қарасты Аққулы ауылында жол бойы сервисі нысанының құрылысы аяқталған еді. Бұл кешенді салуға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңге бөлінді. Жаңа кешенде 15 қонақ бөлмесі, асхана, көлікке техникалық қызмет көрсету орталығы мен дөңгелек жөндеу орны бар. Бірақ мұның барлығы пайдаланылмай, босқа тұр. 

Жобаға жауапты «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Ақылбек Қабылдиннің айтуынша, ҚР Қаржы министрлігі нысанды кәсіпкерлерге сенімді басқаруға беру заңға қайшы әрекет екенін алға тартып отыр. Сондықтан бұл кешенді кәсіпкерлерге тек жалға беру мүмкіндігі бар.

Ал ай сайынғы төлем 4 млн теңгені құрайды. Ауылдық жердегі жол бойы сервисін осындай сомаға жалға алу – бизнес өкілдерінің қалтасы көтермейтін баға. 

Сол себепті екі қабатты кешен қаңырап тұр. Ол аздай, оны күзетіп, қыста жылытып, күтіп-ұстау үшін бюджеттен жыл сайын тағы миллиондаған қаржы жұмсалады. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тұрғындарға да, кәсіпкерлерге де түк пайдасы жоқ был нысанды орталық органдармен келісе отырып сенімді басқаруға берудің немесе «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының балансына тапсырудың жолдарын қарастыру қажеттігін айтты. Әйтпегенде, екі жылға жуық қараусыз қалған нысанға жұмсалатын шығын одан әрі өсіп кетуі әбден мүмкін. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png