1 view

Ұлттық банк пен KASE халыққа үндеу жолдады

Сауда-саттық өзге форматта жүзеге асады

Фото: Олег Спивак

Ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыру ықпалын шектеу үшін және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жәрдемдесу мақсатында Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірге 2020 жылдың 19 және 20 наурызында теңге-доллар валюта жұбын Франкфурт аукционы түрінде сату шешімін қабылдады.

 
"Франкфурт аукционы түріндегі  сауда-саттық  жүргізу туралы шешім клиенттердің қолындағы өтінімдерді қанағаттандырады және валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермейді",-делінген мәлімдемеде.

Сауда-саттықтың режимі туралы ақпарат жария мәлімдеме арқылы таратылады. Бұл әдіс бағаны тұрақтандырып қана қоймай, бәсекені арттыруға көмектеседі екен.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер