1 view

Moody's агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «Baa3» деңгейінде растады

Болжам – жағымды

Фото: Shutterstock.com

Moody's Investors Service халықаралық  агенттігі Қазақстанның  кредиттік рейтингін «Baa3» деңгейінде, яғни «жағымды» болжаммен растады.

Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстанның несиелік профилі  мемлекеттік қарыз деңгейінің төмендігі және сыртқы күйзелістерге қарсы буферді сақтайтын салық резервімен қамтамасыз етілген. Бұл басым бағыттар ел экономикасын салыстырмалы түрде шектеулі әртараптандыру арқылы теңдестірілген.

«Жағымды болжам Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы күшейіп келе жатқанының белгісі. Қолға алынған экономикалық реформалардың болашағы мен салық саясатын тиімді басқару Қазақстанның кредиттік көсеткіштері одан әрі жақсара түсетінін байқатады», – делінген хабарламада.

Агенттік сарапшылары  егер қазіргі және алдағы уақыттағы реформалар негізгі базаны нығайту мен саясатқа артылар сенімді күшейтуге бағытталса, рейтинг көрсеткіштері одан әрі жоғарылай түседі деп тұжырымдайды. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер