Қазақстандық стартаптарға құйылатын инвестициялардың қысқаруы мүмкін

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
2020 жылы Қазақстан 15 млрд теңге тартуға тырыспақ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ағымдағы жылы отандық стартаптарға 15 млрд теңге тартуға тырыспақ – өткен жылы бұл көрсеткіш 18,8 млрд теңгені құраған болатын-ды. Бұл турасында 4-ақпанда үкімет мәжілісінде ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

«Astana Hub» IT-стартаптарының Ттхнопаркі» 100%-ға орындалды. Қазіргі таңда онда отандық және шетелдік IТ-компаниялардың 17 ғылыми-зерттеу зетханалары жұмыс істеп жатыр. 90-нан астам стартаптар жүзеге асырылып, 1000-нан астам жұмыс орындары ашылды. Жоғарыда аталған шаралар отандық стартаптарға 18,8 млрд теңге сомасындағы инвестициялар тартуға мүмкіндік берді. 2020 жылы, кем дегенде, 2 технопарктің көмегімен… біз 15 млрд теңгеге жуық инвестициялар тартуға тырысамыз», – деді ол.

Оның айтуынша, министрлік осы бағыттағы жұмысты барлық мемлекеттік органдармен және компаниялармен бірлесіп, жалғастыратын болады. 

Бұдан бөлек, Жұмағалиев 2018 жылы мемлекет басшысы қолдау көрсеткен Smart Data Ukimeһt жобасына бес мемлекеттік орган қосылып, олардың деректеме қорына сараптама жасалғанын хабарлады. Нәтижесінде, халықты еңбекпен қамту, тегін дәрі-дәрмек тарату және «Болашақ» бағдаламасы аясында гранттар бөлу бойынша бір қатар экономикалық  жүзеге асырылды.
Айтуынша, осы жобада жасанды интеллект технологияларын пайдалану бюджет қаржысын үнемдеуге көмектесіпті. 

«Назарбаев университеті және Әлемдік банкпен бірлесіп, институт құрылып, бағдарлама жасалуда. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2020 жылдың ішінде осы жобаның аясында жұмыс істейтін боламыз, бұл бізге жаңа экономикалық модельдер жасауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект технологиясы бар Smart Data Ukimet жобасы 180 млрд теңгеден астам сомасындағы жанама әсер беруге мүмкіндік тудырады», – деді Жұмағалиев.

Жалпы, министр атап өткендей, екі жылғы жұмыс ішінде республикалық бюджеттен цифрландыру мұқтаждықтарына 35 млрд теңге теңге жұмсалса, атқарылған жұмыстың экономикалық әсері 803 млрд теңгеге жуық соманы құраған.

Сондай-ақ оқыңыз