Қазақстан Қытайдан тауар әкелуді қысқартуды жоспарлап отырған жоқ

Үкімет коронавирустың таралуына қарсы күреске 3,5 млрд теңге бөлді

Фото: Аскар Ахметуллин

Қазақстан коронавирус таралуының өршуі салдарынан, Қытайдан тауар тасымалдауды қысқартуды жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, Қытайда орын алған жағдайдың екі ел арасындағы сауданың төмендеуі есебінен, Қазақстан экономикасына қаншалықты соққы беруі ықтимал екенін болжау мүмкін емес. Ол мұндай жағдайдың Нұр-Сұлтан қазіргіден де қатаң шаралар қолданғанда ғана орын алатынын атап өтті, өйткені қазір шекара жеке тұлғалар үшін жабық болғанымен, жүк тасымалдауға ашық.

Қаржы министрлігінің басшысы Қытайға жасалатын турлар есебінен туризм саласына шектеу қойылғанын мойындады, бірақ ол бұл жағдайдың Қазақстан үшін пайдасы бар екеніналға тартты.  

«Қытайдағы туризм - ақшаны Қытайға тартады. Ал егер біздің азаматтар Қытайға бармаса, ол ақша елімізде қалады. Ендеше, бұл біз, яғни Қазақстан үшін тиімді», – деп мәлімдеді Смайылов.

Сонымен қатар, ол үкіметтің коронавирустың таралуына қарсы күрес шығындарына  бөлінген қаржыны 1,5 млрд-тан 3,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтқанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл сома үкімет резервінен бөлінген, оны жұмсалуына бақылауды денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады. 

Басында қажетті дәрі-дәрмектер, бетперделер, тепловизорлар мен басқа жабдықтар сатып алуға бөлінген сома, Қытайдан Қазақстан азаматтарын әкелу шығындарының қажеттігіне байланысты ұлғайтылған болатын. 

«Біз қазір вирус Қазақстанда таралмау үшін шаралар қолданып жатырмыз. Егер, құдай бұйыртып, шараларымыз табысты болып, бұл дерт бізде таралмаса, онда ол экономикамызға нұқсан келтірмейді», – деп түйіндеді министр.

Осы орайда, атап айтарлығы, 5-ақпандағы ахуалға сәйкес, коронавирустың жаңа тұрпатын жұқтырудың расталған оқиғасы 24 мың 324 адамға жеткен, дерттен 490 адам қайтыс болған. ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері бойынша,  коронавирустың жаңа тұрпатын жұқтырудың 3 мың 887 расталған оқиғасы тіркеліп, дерттен қайтыс болудың 65 жаңа жағдайы орын алған, олардың барлығы Хубэй провинциясында тіркелген.

Белгілісі, сейсенбіде 431 пациенттің ахуалы ауыр деп бағаланса, тәулік ішінде барлығы 262 адам толық сауығуына байланысты ауруханадан шығарылған.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg