Электронды сауда-саттық көлемі екі есе өскен

Алайда интернет-дүкендердің төрттен бірі ғана салық жеңілдігін пайдалана алды

Фото: Асқар Ахметуллин

2019 жылдың қорытындысы бойынша, электронды сауда нарығының көлемі 700 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. 

"Былтыр Қазақстандағы электронды сауда нарығының көлемі 1,8 есеге артып, 700 млрд теңгеден асты. Электронды сауданың жалпы бөлшек саудадағы үлесі 3,7% құрады. Бұл өсімнің елеулі әлеуетін байқатады", – деді ол. 

Бұл ретте министр ішкі нарықтың қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Қазақстандық интернет-дүкендердегі сатылым көлемі былтыр  422 млрд теңгені, халықаралық интернет-алаңдарда 280 млрд теңгені құраған. Халық 40,5 млн рет тауар сатып алған, соның ішінде ішкі нарық 2,2 есе өсіп, жіберілген сәлемдемелердің саны  22 миллионнан асты. 
Бақыт Сұлтанов былтыр белсенді тұтынушылардың қатары 72 пайызға артып, жалпы саны 32 млн құрағанын айтып өтті.

"Қазақстанда екі мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Алайда табыс салығын төлеуден босататын салық жеңілдігін қолдана алатын тек 579 интернет-дүкен тіркелген. Сондықтан, реттеуді қатаңдатпай-ақ, бұл секторда заңды түрде жұмыс істеуді ынталандыру бағытындағы шараларды қабылдау маңызды, өйткені сауда-саттық қарқыны жоғары", - деді министр. 

Оның айтуынша, 2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 2,3 есеге артып, 14,4 трлн теңгені құрады. 

Бұл өсім, атап айтқанда, сауда POS-терминалдар инфрақұрылымының дамуы, Қазақстан нарығына Apple Pay және Samsung Pay-дің келуімен, банктердің клиенттерді бонус  және кэшбек арқылы ынталандыруы, сондай-ақ қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлемді белсенді пайдаланумен байланысты. 

Былтыр электрондық сауда саласында  36,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Министр, сондай-ақ, тапсырысты смартфонда көмегімен рәсімдейтін қазақстандықтардың үлесі 65%-ға жақындағанын хабарлады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

«Келешекте тұрақты жұмыс орны дәл қазіргідей маңызға ие болмайды»

Экономика ғылымдарының докторы Сәуле Қалиевамен сұхбат

Фото: Shutterstock

Бір анық ақиқат бар: енді әлем жылнамасы – пандемияға дейін және пандемиядан кейін болып бөлінеді. Жер бетін жайлаған індет еңбек нарығына да салқынын тигізіп жатыр. Қаншама адам табыссыз қалды. Қанша адам жаңа мамандықтар игеруге кірісті. Осы орайда білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің бас ғылыми қызметкері Сәуле Қалиевамен сұхбаттастық. 

–Коронавирус пандемиясы еңбек нарығы заңдылықтарын қалай өзгертуі мүмкін?

–Заманауи еңбек қатынастарының пайда болуы бос уақытта – өз қабілетіңді жетілдіруге, қосымша білім алуға, жеке кәсіпкерлік қабілетіңді дамытуға арналу керегін ұғындыра бастады. Келешекте тұрақты жұмыс орны дәл қазіргідей маңызға ие болмауы мүмкін. Оны қазіргі көріністер анық дәлелдеп жатыр. Қазір қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерге деген сұраныс артты. Цифрлық жұмыс тәсілі енгізілді. 

–Карантин кезінде нақты қандай мамандықтарға деген сұраныс артты, қандай мамандықтарға қызығушылық төмендеді?

Менің ойымша, пандемия аяқтала салысымен мына мамандықтарға деген сұраныс артады: 

  • Антикризистік консультанттар мен менеджерлер; 
  • Жеке қаржы консультанттары; 
  • Кол-орталық консультанттары; 
  • Интернет-дүкен қызметкерлері; 
  • Курьерлер; 
  • Интерьер дизайнерлері; 
  • Күзет жүйесі операторлары; 
  • Әлеуметтік жұмысшылар; 
  • Санитарлар; 
  • Супермаркетте сатушылар мен кассирлер; 
  • Тазалықшылар; 
  • Балабақша тәрбиелеушілері; 
  • Полицейлер; 
  • Мұғалімдер.

Цифрландыру мүмкіндіктерінің кеңеюі, электронды онлайн платформаларды пайдалану, қашықтан жұмыс істеуге көшу, әлеуметтік желі функциясының кеңеюі – процестерді диджитализациялау эксперттері, бағдарламалаушы, SMM мамандары, контент-менеджер, тайм-менеджмент бойынша мамандарға деген сұранысты күрт арттырмақ. 
Қазір өндірістер медицина жұмысшылары рөлінің артуы АҚШ-та қызу талқыланып жатыр. Қызметкерлердің жұмысқа оралу кезіндегі қауіпсіздігі жайында хаттама дайындап жатқан еңбек қауіпсіздігі бойынша жалпы өнеркәсіптік комитет жұмыс орындарында алғашқы көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерін тарту мәселесін көтеруде. Медициналық қызметкерлер жұмыс орындарында хаттамада көрсетілген инфекциялық қауіпсіздік пен белгілі бір деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз ету үшін қажет болмақ. 

Күнделікті өмірде аса беделді емес әрі жалақылары да аз мамандықтар бар. Олар: 

  • Жалпы практикадағы онлайн-дәрігер; 
  • Инфекционист-эпидемиолог дәрігер; 
  • Коронавирусқа тест тапсыру бойынша маман; 
  • Жедел жәрдем маманы; 
  • Дезинфекторлар;  
  • Ұзақ мерзімді оқшаулану жағдайында психолог, жеке және отбасылық консультанттар; 
  • Тұрмыстық мәселелер бойынша – сантехник, жиһаз құрастырушы, фотографтар және т.б.

Әрине, төмен жалақы көп жағдайда төмен біліктілікпен де байланыстырылады. Бірақ басқа да факторлар бар. Мәселен, осы салада жұмыс істейтіндердің әлі күнге тарифтік келісімшарттары жоқ. Яғни, жоғары жалақыға үнемі қол жеткізе алмайды. Қазір Германия пандемия кезінде осындай маңызды мамандық иелеріне айына қосымша 500 еуро төлеуді қарастырып жатыр. Германия қаржы министрлігі 1500 еуроға дейін салықсыз сыйақылар ұсынбақшы. 

–Адамдардың жаппай онлайн, қашықтан жұмыс істеуге көшу үрдісі келешекте де сақталып қалуы мүмкін бе? Және бұл қаншалықты тиімді болмақ?

–Қашықтан жұмыс істеу режиміне көшу үрдісі болашақта еңбек нарығы заңдылықтарын басқаша қалыптастыруға әсер етпек. Көптеген ұйымдар қысқа уақыт ішінде видеоконференция жасай алатын техникалар мен жабдықтар алуға мәжбүр болды. Олар онлайн оқыту, онлайн жұмыс істеу жүйесін қалыптастыру үшін техникалық мүмкіндіктерін қайта қарастырды. Жұмыстың бұл тәсілі пандемиядан кейін де жалғасады. Қашықтан жұмыс істеуге ұлттық экономиканың бірқатар салалары да көшірілді. Олар – білім, ғылым, ішінара онлайн-қызметтер, сауда саласы және т.б.

Соңғы он жылдықта АҚШ және Еуропа жұмыс берушілері өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшірген болатын. Бұл ретте қашықтан жұмыс істеуге көшуге мемлекеттік бағдарламалар мен үкіметтің бизнеске деген көзқарасы да әсер ететінін айта кеткім келеді.  

Бізде бизнеске деген көзқарас та әлі ескі... Жұмыс өнімділігін арттыру үшін қызметкерлер жұмыс орында істеуі тиіс деген көзқарас жойылған жоқ. Керісінше, қашықтан істеу әлдеқайда тиімді болады. Себебі, қашықтан істеу кезінде 67-70 пайыз жұмысшы жұмысқа жауапкершілікпен көңіл бөледі, жеке өмірі де қалыс қалмайды, жұмыстағы бос әңгімеге кететін уақыт жұмысқа бөлінеді, жұмыс беруші қымбат кеңсені жалдаймын және жабдықтаймын деп шығынданбайды, кәнігі жиналыстың орнын онлайн-жиналыстар басады. Ондай бизнес түрлерінде кеңсе жалдауға, жеке компьютер сатып алуға кететін шығындар болмайды.

Әрине, мәселенің екінші қыры да бар. Қашықтан жұмыс істеу кезінде ұжымдық қарым-қатынас болмайды, адам үй ішілік мәселелерге алаңдап кетуі ықтимал дегендей. Алайда өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, транспорт, қызмет көрсету сияқты салаларда жұмыс режимін қашықтан істеуге көшіру мүмкін емес. Қалай десек те, пандемия және мәжбүрлі оқшаулану еңбек нарығына әсерін тигізеді. Негізінен коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында және қоғамдық тамақтану орындарында құрылымдық өзгерістер болуы ықтимал. Яғни, аталған салалар өз қызметтерін сапалы онлайн-сервиске көшірмесе бәсекеге қабілетті бола алмайды. Сөзсіз, бәрі бірдей қашықтан жұмыс істеуге көше алмайды. Дегенмен жұмыс істеудің бұл жаңа әрі тосын түрі жаңа технологиялар дамуына, салалардың роботтануына, интеллектуалды жұмыс әдісінің дамуына ықпал етпек. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg