1 view

Корпоративтік табыс салығын республика бюджетіне тек ірі кәсіпорындар төлейді

ШОБ түсімдері биылдан жергілікті бюджетке жіберілетін болады

Фото: Shutterstock

Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов Орталық коммуникациялар қызметі мінберінен ҚР Бюджет кодексінің жаңа енгізілімдерін түсіндірді.  

«Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша түсімдер бұрын толық көлемде республика бюджетіне түсетін. Енді, заңды қабылданған соң, 2020 жылғы 1-қаңтардан бастап, шағын және орта бизнестің (ШОБ) КТС-тер бойынша түсімдері жергілікті бюджетке жіберілетін болады. Бұл салықты жергілікті бюджетке төлейтін 100 мыңға жуық кәсіпкерлер», – деді ол.

Қаржы министрлігі ШОБ-тан түсетін КТС-ты жергілікті бюджет есебіне алу үшін бюджеттік жіктеудің қосымша кодын ашты. Түсімдердің бір бөлігі облыстық мәслихаттың шешімімен облыстан аудандық бюджеттерге бөлініп отырады. 

«Республика бюджетінің есебіне кәсіпкерліктің ірі субъектілері КТС-терінің түсімдері ғана алынады. Кәсіпорындардың тізімі әр үш жыл сайын ұлттық әкономика және қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен бекітілетін болады», – деп қосты сөзін нақтылай түскен Алпысов.

Оның айтуынша, алдағы үш жылға бекітілген тізім ұлттық экономика министрлігінің сайтында жарияланған. Қазіргі таңда тізімде 1796 кәсіпорын бар.

Аталмыш шаралар өңірлердегі ШОБ-тың дамуын күшейтеді, деп күтілуде. ҰЭМ болжамдары бойынша, өңірлік бюджеттерге биыл, шамамен, 386 млрд теңге түсуі тиіс.
2019 жылғы 28-желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, несиелендіру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталмыш құжат Жер, Бюджет, Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық кодекстерге, «Салықтар және бюджетке міндетті төленетін төлемдер туралы» кодекске және 25 заңға түзетулер енгізді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер