Қалаға көшіп келгендер ЖІӨ-нің қосымша өсімін қамтамасыз етеді

Алдағы 5 жылда урбанизация нәтижесінде экономика 0,52%-ға артады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020-2025 жылдары Қазақстандағы урбанизация деңгейі 58,2 пайыздан 62 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнімнің артуына ықпал етеді деп тұжырымдайды. 

Бүгін Үкімет отырысында 2025 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырған министр: «Урбандалу деңгейін 62%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Урбандалу жалпы ішкі өнімді 0,52%-ға қосымша арттыруға мүмкіндік береді», –деп мәлімдеді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы сомасы 1,3 трлн теңге бөлу көзделген, оның ішінде, ауылдарды дамытуға 2026  жылға дейін 900 млрд теңге бөлу мәселесі қосымша қарастырылып жатыр. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде, өңірлік теңсіздіктер қысқарып, халықтың нақты ақшалай табысы 25%-ға өсуі тиіс. 
Министрдің айтуынша, еліміздің 17 өңірінде 87 қала мен 6,5 мың ауыл бар. 

 «2015 жылдан бастап урбандалу деңгейі 58,2%-ға дейін өсті. 4 ірі агломерацияның (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары мен оларға іргелес жатқан елдімекендер) тұрғындарының саны миллионнан асты», – деді Дәленов. 

 Моноқалаларда сумен жабдықтау желілерінің тозуы 10%-ға және электр желілерінің тозуы 12%-ға төмендеген. 

Соңғы бес жыл ішінде 17 мың маманға «Дипломмен –ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген бюджеттік несие берілген. Ауылдарды абаттандыру бойынша 8 мың жоба жүзеге асырылды. 700 мыңға жуық ауыл тұрғындары үшін инфрақұрылым жақсарған. Аталған іс-шараларға барлығы 252 млрд теңге бөлінді.

Ал алдағы 5 жылда бағдарлама: урбандалған аймақтар арқылы өсу орталықтарын дамыту, «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде тірек және спутниктік ауылдарды жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу бағыттары бойынша жүзеге асырылмақ. 

Бүгінде 4 агломерация, 14 ірі урбандалған аймақ, 18 шалғайдағы моноқалалар мен шекара маңындағы шағын қалалар өсу орталықтары ретінде анықталған.

Сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауыл тұрғындарының 90% немесе 7 млн адам тұратын 3 477 ауыл жаңғыртылады. Тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.  Ауылдардың аудан және облыс орталықтарымен көлік байланысы жақсарады деп жоспарланып отыр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif