1 view

Экспортқа шығарылатын тауарлар саны артады

Сұлтанов ведомствоның алдағы жоспарларын айтып берді

Фото: Shutterstock

Қазақстан құны 300 млн доллардан асатын 61 экспорттық келісімге қол жеткізген. Ендігі жоспар –АҚШ пен ЕуроОдақ елдеріне тауар жеткізуді жолға қою. Алдын ала бағалау бойынша, келісім-шарттардың құны 2 млрд доллардан асуы мүмкін. 

Экспорт туралы сөз қозғаған кезде, Сауда және интеграция министрі өзін сауда агентіне теңеді. Оның айтуынша, экспортқа жаңа тауарлар шығару көзделіп отыр. 

«Біз экспортталатын тауарлар қатарын тағы да 90 түрлі тауармен толықтыруға әзірміз. Біз әріптестерімізге жалпы құны 250 млн долларға жететін тауар ұсындық. Болашақтағы стратегиялық экспорттық бағыт – Орта Азия елдері. Біз қазір тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы құны жарты миллиард долларға жететін 230 тауар түрін ұсындық», – деді министр. 

Сауда миинстрлігі ерекше көңіл бөліп отырған тағы бір бағыт – Қытай. Қазақстан үкіметі ҚХР-ға құны $1,3 млрд асатын 60-тан аса тауар түрін ұсынған. Ең бастысы – Қытай нарығы осы тауарларды қабылдауға әзір. 

Алайда бұл бағыттағы басты түйткіл – отандық тауар өндірушілер қажетті тауарды дәл қазір жеткізуге дайын емес. 

Жалпы, министр келтірген деректер бойынша, жырты жыл ішінде шетелдерде 50-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, оған 300-ге тарта қазақстандық компания қатысқан. Осы шаралардың нәтижесінде, құны 300 млн доллардан асатын 61 келісімге қол қойылған. Қазақстан Даму банкі арқылы 13 отандық экспортерге 105 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер