Skip to main content

Жыл басынан бері азық-түлік 9,7 пайызға қымбаттаған

Ол инфляция деңгейіне әсер етеді

Фото: Shutterstock

Қазан айында инфляция 5,5 пайыз деңгейінде қалыптасып, қыркүйекпен салыстырғанда, 0,2 пайызға өскен.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың  айтуынша, жылдық инфляция регулятордың болжамына сәйкес қалыптасады. Инфляция өсіміне азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауы елеулі үлес қосып жатыр. Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 9,7 пайызға қымбаттаған. 

Әсіресе нан және нан өнімдері, жарма қымбаттаған, олардың бағасы 14 пайызға өссе, ет пен ет өнімдері – 13,8 пайызға, балық пен теңіз өнімдері 12,7 пайызға қымбаттаған.  Одан бөлек, қазан айында көкөніс бағасы қатты көтеріліп, 7,6 пайызға қымбаттаған. 

Ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы жыл басындағы 6,4 пайыздан 5,2 пайызға дейін сәл арзандаған. 

Коммуналдық тариф пен ақылы қызмет бағасы биыл 0,8 пайыз ғана өсіпті. Реттелетін қызмет түрлерінің бағасы 7,7 пайызға арзандаған. 

«Инфляция өсіміне әлемдік нарықта азық-түліктің қымбаттауы, сондай-ақ, халық табысының артуы аясында ішкі нарықтағы сұраныстың кеңеюі әсер етті... Жыл соңына дейін инфляция  5,7-5,8 пайыз деңгейінде қалыптасады деп болжап отырмыз», – деді Ерболат Досаев.

banner_wsj.gif

Мемлекеттің 1 млрд теңгесі «желге ұшты»

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған кешен қаңырап бос тұр

Фото:Валерий Бугаев

Осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын Павлодар облысына қарасты Аққулы ауылында жол бойы сервисі нысанының құрылысы аяқталған еді. Бұл кешенді салуға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңге бөлінді. Жаңа кешенде 15 қонақ бөлмесі, асхана, көлікке техникалық қызмет көрсету орталығы мен дөңгелек жөндеу орны бар. Бірақ мұның барлығы пайдаланылмай, босқа тұр. 

Жобаға жауапты «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Ақылбек Қабылдиннің айтуынша, ҚР Қаржы министрлігі нысанды кәсіпкерлерге сенімді басқаруға беру заңға қайшы әрекет екенін алға тартып отыр. Сондықтан бұл кешенді кәсіпкерлерге тек жалға беру мүмкіндігі бар.

Ал ай сайынғы төлем 4 млн теңгені құрайды. Ауылдық жердегі жол бойы сервисін осындай сомаға жалға алу – бизнес өкілдерінің қалтасы көтермейтін баға. 

Сол себепті екі қабатты кешен қаңырап тұр. Ол аздай, оны күзетіп, қыста жылытып, күтіп-ұстау үшін бюджеттен жыл сайын тағы миллиондаған қаржы жұмсалады. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тұрғындарға да, кәсіпкерлерге де түк пайдасы жоқ был нысанды орталық органдармен келісе отырып сенімді басқаруға берудің немесе «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының балансына тапсырудың жолдарын қарастыру қажеттігін айтты. Әйтпегенде, екі жылға жуық қараусыз қалған нысанға жұмсалатын шығын одан әрі өсіп кетуі әбден мүмкін. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png