Тұрғын үй нарығыдағы баға қалай өзгерді?

Жарияланды (жаңартылды )
Бір шаршы метрдің бағасы – 290 мың теңге

Қазан айында жаңа үйлердің сатылымы өткен аймен салыстырғанда, 1,5 пайызға, ал 2018 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда, 5,1 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Сонымен қатар, абаттандырылмаған тұрғын үйлердің сатылымы – 0,8%-ға, абаттандырылған үйлердікі  0,7 пайызға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы 0,9%-ға қымбаттаған. 

Қазақстандағы тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 289,8 мың теңгеге сатылса, қайталама нарықтағы баға орта есеппен 198 мың теңгені құраған. Ал қара сылақпен сатылатын үйлердің бір шаршы метрі –124 мың теңге.  Жалдамалы пәтерлердің шаршы метрінің бағасы 1483 теңгені құраған. 

Бұған дейін Қазақстандағы жұмысшы жастар тұрғын үймен қашан қамтамасыз етілетіні жайлы жазылған еді.  Биыл бірде бір жас маман «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалдамалы пәтер алмаған.

Сондай-ақ оқыңыз