Өзбекстанның 20 мемлекеттік компаниясы IPO-ға шығарылады

Жекешелендіру бағдарламасының тізімінде банктер мен тауар-шикізат биржасы бар

Фото: Shutterstock

Өзбекстанның мемлекеттік активтерді басқару агенттігі 20 мемлекеттік компанияны IPO-ға шығаруға дайындалып жатыр. 

Бұл туралы Ташкентте өткен «Өзбекстан экономикасын дамытудағы капитал нарығының рөлі» атты конференция барысында агенттік директоры Сунатулла Бекенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ведомство Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару және жекешелендіру стратегиясын әзірлеп жатқан көрінеді. Құжат 2020 жылғы 1ақпанға дейін дайын болуы тиіс.

Бұл орайда, Бекенов Өзбекстан Президентінің тапсырмасы бойынша, мемлекеттің экономикадағы үлесі барынша қысқартылатынын айтып өтті.

Kommersant.uz интернет-басылымының дерегіне сүйенсек, IPO-ға шығарылатын мемлекеттік компаниялардың арасында "Алокабанк" және "Узпромстройбанк" мемлекеттік банктері, сондай-ақ, «Өзбек тауар-шикізат биржасы» АҚ бар.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif