Өткен 10 айда Қазақстандағы инфляция 3,9%-ды құрады

Тауарлар мен қызметтер бағасы қалай өзгерді

Фото: Shutterstock

Ағымдағы жылғы 10 айда (2019 жылғы қазанды 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) азық-түлік тауарлары 7,2%-ға, азық-түлікке жатпайтындар –3,8%-ға артқан, ал ақылы қызметтер құны 0,1% арзандаған, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ-нің Статистика жөніндегі комитеті.

Ағымдағы жылдың басынан бері күріш бағасының 22,5%, ұн –19,9%, мұздатылған балық –16%, қой еті – 15,6%, жармалар – 15,4%, картоп – 15,3%, гсиыр еті –15%, нан – 13,4%, жылқы еті – 12,9%, құс еті –11,2%, шошқа еті –10,5%, макарон бұйымдары –9,9%, кофе –9,2%, ет бұйымдары –  9%, мәйекті ірімшік – 8,3%, сары май –7,6%, бөлішке және ұн тағамдары –7,4%, шәй – 6,3% артқаны байқалады. Салқындататын сусындар 11,2%-ға, темекі бұйымдары –10,7%-ға, алкогольдік ішімдіктер –  7%-ға қымбаттаған. Осы уақытта балғын көкөністер  бағасының 14,1%-ға, құм шекер – 14%-ға арзандағаны тіркелген.

Оқу-анықтамалық әдебиет бағасының өсімі 7,6%-ды, кеңсе тауарлары – 6,3%-ды, автомобильдер – 6,2%-ды, фармацевтика өнімдері, құрылыс материалдары – 5,8%-ды, киім мен аяқ киім – 5,3%-ды, тұрмыс приборлары – 5,1%-ды, текстиль бұйымдары, жиһаз және тұрмыстық заттар –4,9%-ды, жеке пайдаланымдағы тауарлар – 4,6%-ды, жуатын және тазалайтын заттар – 4,5%-ды құраған. Бензин бағасы 4,5%-ға, баллондардағы сұйытылған газ –0,9%-ға, дизельдік отын – 0,7%-ға төмендеген.

Санаторийлер қызметінің бағасы 8,1%-ға артса, мәдени шаралар саласындағы бағалар – 6,3%ға, денсаулық саласында – 5,3%-ға, құқықтық қызмет, жеке көлік құралдарын сақтандыру –5%-ға, шаштараздар және жеке қызмет көрсету мекемелері – 4,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру – 4,6 %-ға, экскурсиялар және демалыс үйлерінің жолдамалары –4,3%-ға артқан.

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы саласындағы орталықтандырылған жылыту тарифтері бағасы 11%-ға, ыстық су –10,1%-ға, суық су – 8%-ға, кәріз - 7,2%-ға, электроэнергия – 4,9%-ға, таратушы жүйелермен тасымалданатын газ, –  4,4%-ға, қоқыс шығару –3,6%-ға төмендеген.

Безымянный_92.png

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif