Қазақстанда тағы бір экономикалық аймақ құрылады

Ол Ақтөбе қаласының дамуына ықпал етуі тиіс

Фото: Shutterstock

Жалпы аумағы 700 гектарды алатын «Еуразия» арнайы экономикалық аймағы Ақтөбе қаласында 2044 жылға дейінгі кезеңге құрылады. Үкіметтің экономикалық аймақ құру туралы қаулысы ашық нормативті-құқықтық актілер сайтында жарияланған. 

«Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңы 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2044 жылға дейінгі кезеңге «Еуразия» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Еуразия» АЭА) құрылсын, – делінген жарияланған құжатта.

Аталмыш қаулы ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің қолы қойылған күнінен бастап, өз күшіне енеді.

«Еуразия» АЭА Ақтөбе қаласының аумақтық шекарасы шегінде орналасады және жалпы ауданы  700 гектарды құрайды.  Арнайы экономикалық аймақ Ақтөбе қаласын қарқынды дамыту, республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру, тиімділігі жоғары, оның ішінде, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін өңірді жедел дамыту мақсатында құрылады.

«Еуразия» АЭА территориясында: тамақ өнімдері, химия өнеркәсібі өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, өзге бейметалл минералдық өнімдері, металлургия өнеркәсібі, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары, компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі, сондай-ақ, электр жабдығы, басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар, автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіріс орындары  орналасады.   

2024 жылға дейін АЭА-ға жалпы көлемі 20 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған, оның 11,9 млрд теңгесі  – шетел инвестициясы. Осы кезеңге қарай, өндірілетін тауар мен көрсетілетін қызмет көлемі 2,3 млрд теңгеге жетуі тиіс. АЭА-да жалпы саны 1695 жұмыс орнын құратын 4 ірі компания жұмыс істейтін болады. 

Ал 2044 жылға дейін кезең-кезеңімен 144,9 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Оның 69,5 млрд теңгесі – шетелдік инвесторлардың қаражаты. 2044 жылға дейін арнайы экономикалық аймақта өндірілетін тауар мен қызмет көлемі 15,2 млрд теңгені құрап, аймақта 12 мың жұмыс орнын ашатын 26 компания жұмыс істеуі керек. Ал жергілікті өнім көлемі 85 пайызға жетеді деп жоспарланған. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif