Қазақстанда электрэнергиясының бағасы өсті

2019 жылғы 1-қазаннан елімізде электрэнергиясының ең жоғары тарифтері енгізілді

Фото: Shutterstock

2019 жылғы қазанда Қазақстанда электрэнергиясының бағасы қыркүйекпен салыстырғанда, 0,7%-ға өсті, деп хабарлайды EnergyProm.

2019 жылғы 1-қазаннан Қазақстанда 2025 жылға дейінгі электр энергиясы тарифтерінің ең жоғары мөлшері енгізіліп, соның салдарынан, электр энергиясының бағасы артты. Десекте, бұдан бұрын үш ай қатарынан саладағы баға бұрынғы деңгейде сақталған болатын.

Өз кезегінде, елдегі электр энергиясының генерациясы бір жылда 1,7%-ға қысқарып, 2019 жылғы қаңтар–қыркүйекте 77,7 млрд кВт·с құрады.

Электр энергиясын өндірудің ең үлкен мөлшері өндірістік аймақтардың үлесінде — Павлодар (31,4 млрд кВт·с), Қарағанды (11,3 млрд кВт·с) және Шығыс-Қазақстан (7,2 млрд кВт·с) облыстарына тиесілі.

Өндірісті ақшамен есептегенде, электр энергиясын өткізу және қайта бөлу осы мерзімде 794,8 млрд теңгені құрады. Өндірістің құн түріндегі сомасы Павлодар облысында 170,6 млрд теңгені, Қарағанды облысында 105,4 млрд теңгені құраған. Көшбасшы үш аймақтың соңында 65,3 млрд теңгемен Алматы облысы орын теуіпті.

2_53аа.png

Қазақстан аймақтары арасында электр энергиясын тұтынудың ең үлкен мөлшері өндіріс орындары көп шоғырланған Павлодар (14,2 млрд кВт·с) және Қарағанды (13,1 млрд кВт·) облыстарына, сондай-ақ Алматы  (8,1 млрд кВт·) облысына тиесілі.

5_5фыв.png

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif