Депутаттар азық-түлік бағасының өсуіне алаңдаушылық білдіруде

Олардың қауіптенуі Ұлттық экономика министрлігінің бензин акцизі құнын көтеруге ниетті екенімен байланысты

Фото: Shutterstock.com

2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында сенаттың бірнеше депутаты азық-түлік бағасының өсіп жатқанын айтты. 

Парламентарийлер жоспарланып отырған бензин акцизі құнын көтеру бағаның кезекті өсуіне әкеліп соғуы мүмкін, деп есептейді. Бұл мәселеде оларды Ұлттық банк те қолдап отыр.

«Ет қымбаттайды, бұл біздің тарихи мәдениетіміз, ет – қазақ үшін негізгі тағам. Ет неге қымбаттайды деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды», - деді сенат спикері Дәриға Назарбаева.

«Бензин акцизін 10 теңгеге көтеру инфляцияның өсуіне түрткі болмай ма, ал азық-түлік бағасы не болмақ?», - деді, өз кезегінде, депутат Дәурен Әділбеков

Дегенмен ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов одан ешқандай қауіп көріп отырған жоқ, деп санайды. 

«Алдын ала жасалған есептеулерге сәйкес, тарифтердің өсуі мен бензин акцизінің қосымша өсу мүмкіндігі бағаның артуына соншалықты қатты әсер етпейді. Пайызбен алғанда, әңгіме жалпы инфляция ішіндегі 0,02% туралы болып отыр. Қазіргі таңда ол (Инфляция – Курсив) жылдық өлшеммен алғанда, 5,5% деңгейінде», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев биыл жанар-жағар майдың, оның ішінде, көмір бағасының төмендеуі инфляцияны белгіленген 4,6% дәлізінде ұстауға көмек бергенін хабарлады.   

Атап айтарлығы, ол тізбек бойынша аздаған әсер болады деп есептейді, өйткені баға өсуінің негізінде әрқашан энергия тасымалдаушылардың құны тұрады, бәрі содан бастау алады. 

Десек те, ол реттеушінің ҰЭМ-нің  алдын ала жасаған есептеулерін қолдап отырғанын алға тартты.

«Біз еліміздің премьер-минимтрі Асқаром Маминмен азық-түлік тауарлары бағасын төмендету мәселесі бойынша сөйлестік, олар биыл 9,7% деңгейіндегі инфляцияға кіргізілген. Сондықтан біз басты назарды азық-түлік тауарларына – ет, нан және нан тағамдары бағасына аударатын боламыз», - деді сөзін түйіндеген Досаев. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif