Әр шахтерге – үш блогерден

Шығыс Қазақстанға жаңа форматтағы жұмысшылар керек

Фото: Shutterstock.com

Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қонның теріс сальдосы және еңбек нарығындағы теңгерімсіздік жұмысшы мамандардың тапшылығына әкеп соқты. Орта білімді жұмыссыз азаматтар бағдарламалаудың негізін білетін және ағылшын тілін меңгерген металлургтарды іздейтін жұмыс берушілердің талабына сай келмей тұр. 

Қазақстан электронды еңбек биржасының деректеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысындағы бос жұмыс орындарының саны 20 мыңнан асып жығылады. Соның ішінде бос жұмыс орындарының 23%-ы  – кәсіби білікті мамандар үшін, 15%-ы  – өнеркәсіп, құрылыс, көлік саласындағы бос жұмыс орындары, 13% немесе 2 783 адам өндірістік құрал-жабдықтарды басқару үшін қажет.

«Өкінішке қарай, көші-қон салдарынан тау-кен металлургиясы, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласындағы негізгі  кәсіпорындарда жұмыс күшінің тапшылығы сезіліп келеді. Облыста еңбек күші жетіспейді, бос жұмыс орындарын жұмысшылармен қамтамасыз ету үшін жастарды осы салаға көптеп тарту қажет», – деп атап өтті «Қазмырыш» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Сергей Солдатов.

Құрамында 14 кеніш пен бірнеше байыту фабрикасы бар аймақтағы  ең ірі компанияға тек металлургтер ғана емес, техниканың құлағында ойнап, бағдарламалық қамтамасыз ету негіздерін білетін, ағылшын тілін меңгерген мамандар қажет. Ал машина жасау саласындағы кәсіпорындарға фрезерлеуші, жаңа форматтағы токарь, автоматтандырылған жүйе инженерлері керек.

Бұндай саусақпен санарлық мамандарға жұмыс берушілер жоғары жалақы ұсынып, бір-бірінен шақырып алып жатыр.
Өкінішке қарай, қазіргі еңбек нарығы кәсіпорындарды осындай деңгейдегі қызметкерлермен қамтамасыз ете алмайды. Өскемен қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің бастығы Зарина Смағұлованың айтуынша, орталыққа жұмыс іздеп  келген төрт мыңға жуық өскемендіктердің  72%-ның орта арнаулы білімі болса, 23%-ы жоғары білімге ие, алайда олар да белгілі бір себептермен жұмыс таба алмай жүріп қалады. 

«Кәсіби білікті мамандар жұмыссыз ұзақ отырмайды. Ары кетсе 1-2 айдан соң ыңғайлы жұмыс орны табылады. Ал еңбек нарығындағы теңгерімсіздіктің бірнеше себебі бар. Біріншіден, жұмыс берушілер жағдайдың өзгеруіне, заманның дамауына байланысты, цифрландыру аясында белгілі бір біліктің болғанын талап етеді. Ал қызметкерлердің барлығы бұл талаптың үдесінен шыға бермейді, елдің бәрінде қажетті білім мен білік жоқ. Екіншіден, компаниялар ұсынатын жалақы төмен болып,  үміткердің көңілінен шықпай жатады», – дейді Зарина Смағұлова. 

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мамандарының орта мерзімді болжамына сәйкес, алдағы бес жылда Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс күші теріс динамика көрсетеді. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 41 мыңға азаюы мүмкін. Экономиканың барлық салаларында жалдамалы жұмысшыларға деген сұраныс артпақ. Пайыздық түрғыда алсақ, ең үлкен өсім ақпарат және байланыс саласында (+ 41%) байқалады. Цифрландыру заманында ІТ-мамандарға, бизнес басқару саласындағы кәсіпқойларға, бағдарламалаушыларға сұраныс жоғары болмақ.

Дәл осындай мамандарға деген сұраныстың артып келе жатқанын ескере отырып, облыстың жоғары оқу орындарында да ақпараттық технологиялар мамандығындағы грант саны көбейген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Наталья Денисованың мәліметіне сүйенсек, кейінгі кезде әр мамандық бойынша грант саны үш есе өскен.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif