Өскеменде жыл соңына дейін 13,5 млрд теңге тұратын аурухана салынып бітеді

Нысан бес жылдан бері салынып жатыр

Фото: Shutterstock

Өскеменде салынып жатқан 200 орынға арналған балалар ауруханасын жабдықтауға Шығыс Қазақстанға бюджеттен 3,9 млрд теңге бөлінді. Медициналық құрал-жабдықтарға жұмсалатын шығындарды қоса алғанда, жоба бойынша жалпы смета 13,5 млрд теңгені құрайды. Бұл ШҚО денсаулық сақтау саласының соңғы 25 жылда салынған ең қымбат нысандардың бірі.

Парламент сенатының депутаттары балалар ауруханасын қаржыландыруды жалғастыру жөнінде үкіметке екінші рет өтініш білдірді. Жоба «сақалды» нысанға айналғалы қашан. Бастапқыда мердігерлер әлеуметтік маңызы бар нысанды 2018 жылы өткізу керек болатын. Алайда республикалық бюджет транштарды уақытша тоқтатқандықтан мерзім екі рет өзгеріп үлгерді. 

Қыркүйектің соңында сенаторлар Сергей Плотников пен Дүйсенғазы Мусин Денсаулық сақтау министрлігі басшысына аурухананы жабдықтауға соңғы аванс бөлуді өтінген тағы бір хат жолдады. Депутаттардың айтуынша, егер нысан қыс түскенше пайдалануға берілмесе, бұл жағымсыз салдарларға әкеліп соғады. Өйткені ғимаратта қажетті желіліер жүргізіліп, ішкі әрлендіру мқмыстары атқарылған. Қаржы министрлігі халық қалаулыларының өтіншіне қолдау білдіріп отыр.

ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Сәуле Ұлақова ұсынған ақпаратқа сәйкес, жақын уақытта облыс мәслихатының қаралымына облыстың 2019 жылғы түзетілген бюджетінің жобасы ұсынылады, онда аурухана құрылысын аяқтауға 3,9 млрд көлеміндегі мақсатты трансферттер қарастырылған.

ШҚО-ның құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы мамандарының мәліметтері бойынша, нысанның жалпы құны 13,5 млрд теңгені құрайды екен. Оның 9,6 млрд теңгесі бұрнағы жылдарда бөлініпті. Ол ақшаға емдеу мекемесінің ғимараты салынған. Қалған сома – 3,9 млрд теңге – денсаулық сақтау саласы нысанын техникалық жарақтандыруға қажет екен. Жобаның мердігері – «Элхон» ЖШС, серіктестік директоры Ұлұқбек Тумашынов облыстық мәслихаттың депутаты.

Соңғы траншты ескере отырып, нысандағы жұмыстарды аяқтау жылдың соңына белгіленіп отыр.

Естеріңізге салсақ, Kursiv.kz ШҚО Ана мен бала орталығының құрамына кіруге тиіс балалардың қалалық ауруханасын салу жоспары туралы жазған болатын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif