Нығматулин «Қазагро» холдингін «Бермуд үшбұрышына» теңеді

Қазір оны трансформациялау жүзеге асырылуда

Фото: Kursiv.kz

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин үш жылдық бюджетті қарастыру барысында тек 2018 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» холдингісінің жинақталған шығынының 400 миллиард теңгеге жуық соманы құрағанын атап көрсетті. 

«Сонда, компания табыстың орнына шығынды жинақтап отыр ма. Жалпы, «ҚазАгроға» келсек, ол өзі жұмбақ құрылым, бейне бір бермуд үшбұрышы іспетті: онда түскен ақша ешбір нәтижесіз, ізім-ғайым жоқ болады. Соңғы бес жылда 500 млрд бердік. Ештеңе жоқ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша – 400 млрд (жинақталған шығындар - Курсив). Айналайындар-ау, бірдеңе жасасаңдарщы! Тек мұндай көңіл-күймен емес: бізде бәрі жақсы, ал екінші деңгейдегі банктердің күні қараң болатын болды. Бұл не деген әдістеме? Құлағанның сүрінгенге күлетін жөні жоқ. Өз салаңызды жөнге келтірсеңізші», - деді Нығматулин, ауыл шаруашылық министрі Сапархану Омаровқа қарата.

Өз кезегінде, «ҚазАгро» холдингісі басқармасының төрағасы Ербол Қарашүкеев холдингті трансформациялау бағдарламасы қабылданғанын хабарлады. 

«Біз шағын холдинг жасап, шығындарды қысқартып жатырмыз. 7 еншілес компанияның үшеуін қалдырамыз. Барлығы, 1000 адам қысқартылды, әкімшілік шығындар да қысқартылуда. «ҚазАгроның» басқару органдарын толығымен ауыстырдық. Директорлар кеңесіне кәсіби біліктілігі жоғары шетелдік сарапшыларды тартамыз – тәуелсіз директорлар ретінде. 2020 жылдың қорытындылары бойынша холдингті шығынсыз жұмыс деңгейіне шығаруды жоспарлап отырмыз. Алдағы 10-15 жылда 2019 жылға дейін жинақталған шығындарды жойып, өсім траекториясына шығуға ниеттіміз», - деді уәдені үйіп-төккен холдинг басшысы.

Атап айтсақ, «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасында АӨК басымды бағыттарын несиелендіру үшін «ҚазАгро» ҰБХ АҚ капиталдандыруға 30 млрд теңге бөлу жоспарланған.
 
«ҚазАгро» 2006 жылы құрылған. Холдинг Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ол холдинг құрамына кіретін  – «Контрактілік азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдлау қоры» АҚ және «ҚазАгроКепіл» компанияларын инвестициялық активтерді тиімді басқарумен қамтамасыз етеді. 

Естеріңізге салсақ, осыдан бұрын в «ҚазАгродағылар» холдинг шығындарының себептерін атаған болатын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif