Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сату саласында 869 құқық бұзушылық анықталды

Оның басым бөлігі дәрі-дәрмекті алыпсатумен айналысқандар

Фото: Shutterstock

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдары COVID-19 пандемиясы кезеңде дәрілік заттарды алыпсатумен айналысудың жолын кесу бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізуде. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Атап айтқанда, елде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал аясында жекелеген препараттарға жоғары сұранысты пайдалана отырып, нарықтың жосықсыз қатысушылары дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада өткізу үшін белгіленген шекті бағаларға қарамастан, оларды жоғары бағамен сата бастады (қайта сату). 

Ағымдағы жылдың 5 шілдесі мен 3 тамызы аралығында дәрі-дәрмектің бағасын көтерудің 522 фактісі анықталды. Сонымен қатар, оларды заңсыз сату мен дайындаудың 338 фактісі белгілі болды.

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сату саласында барлығы 869 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 қылмыстық және 745 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Аталған санның 742 фактісін ішкі істер органдары, 111-ін – Экономикалық тергеу қызметі, 14-ін – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және 2-ін – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі анықтады.

Мысалы, Ішкі істер органдары Нұр-сұлтан қаласындағы дәріхананың қосалқы үй-жайынан түрлі дәрілердің 2811 орамасын, құюға арналған 2650 жүйені, 400 дана бетперде мен 15 литр антисептикті заңсыз сату фактісін анықтады, ал дәріхананың өзінде олар сатылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 7,4 млн.медициналық масканы заңсыз сату фактісі бойынша, сондай-ақ, өкпені жасанды желдету аппараттарын жоғары бағамен сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқырған Қостанай және Қызылорда облыстарының денсаулық сақтау органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуде.

Экономикалық тергеу қызметі жалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды басқа тауар белгісін пайдалана отырып, заңсыз өндірісті жолға қойған Алматы қаласының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады. 60 мың дана контрафактілік 17 түрлі дәрі-дәрмек тәркіленді.

Бұдан басқа, құқық қорғау органдары дәрі-дәрмек өндірушілер мен жеткізушілердің арасында бағаға қатысты сөз байласуға, оларды емдеу мекемелерінен жымқыруға, гуманитарлық көмекті сатуға жол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Бұл ретте құқық қорғау органдарының өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінің жұмысы аталған іс-шараларды орындау кезінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеуге бағытталған.

Жүргізіліп жатқан жұмыс пен қылмыстық істерді тергеу Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының ерекше бақылауында.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif