Экс-депутат Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», – делінген хабарда.
Бұрын бұл қызметте болған Рустам Манарбекұлы Жүрсінов президент өкімімен лауазымынан босатылған.
Қанат Нұров 1967 жылы Алматыда дүниеге келген. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.
«Юрист» порталының ақпаратына сүйенсек, 2000 жылдан 2006 жылға дейін – «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті, бас қаржы директоры. 2006 жылдан 2007 жылға дейін – «Казкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры. 2021 жылға дейін – «Plankion Group» және «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының президенті.
...