Қашаған операторы күкірт диоксидін жағып, оны Каспий теңізіне төккені үшін 12,4 млрд теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады.
Қашаған кен орнының операторы NCOC компаниясы экологиялық нормаларды бұзғаны үшін, соның ішінде рұқсатсыз күкірт диоксидін жағу және өндірістік суды тазартусыз Каспий теңізіне ағызғаны үшін 12,4 миллиард теңге айыппұл төледі.
«NCOC компаниясына қатысты 5 әкімшілік іс қозғалып, олар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Биылғы ақпан айында Атырау қаласы сотының апелляциялық сатысы кәсіпорынға 12 млрд 419 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Айыппұл толық көлемде төленді», – делінген хабарламада.