Кәсіпкерлерге қандай мобилді қосымша қажет?

Жарияланды
Онлайн жүйе жұмыс процесін жеңілдетпек

Қазіргі таңда азаматтар мен бизнестің оңтайлы әрі жылдам жұмыс істей алуы үшін мемлекет тарапынан түрлі онлайн процедуралар ұсынылып жатыр. Соның бірі – «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы. Соңғы уақытта көпшілік бұл мобилді қосымшаның азаматтар жұмысын жеңілдететін жоба екенін айта бастады. 

Аталған қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады. Мобилді қосымшада мынадай қызметтер көрсетіледі: 

•    Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
•    Салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
•    Салық берешегін тексеру;
•    Артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
•    Мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
•    Салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
•    Жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;
•    Жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;
•    Мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруын онлайн брондау.

Ал қаржы министрлігінің хабарлауынша, жеке кәсіпкерлер үшін «e-Salyq-Business» қосымшасы шілде айынан бастап іске қосылмақ. Бірінші кезеңде пайдаланушылар саны 100 мың болады деген жоспар бар. Онда салық төлеу, әлеуметтік төлемдер жасау, салық есебін толтыру және ұсыну, салық пен табыс есебін жүргізу қызметтері автоматтандырылған. 

Осы жобаның арқасында бизнес иелері онлайн форматта мына процестерді жүзеге асыра алады: 
•    Жеке кәсіпкерлікті ашу және жабу; 
•    Салық режимін таңдау және ауыстыру; 
•    Чек беру; 
•    Салық есебін қалыптастыру және жіберу; 
•    Салық төлеу; 
•    Хабарлама және ақпарат алу; 
•    Төлемдерді басқару; 
•    Мемлекеттік кіріс органдары тарапынан жекелеген қызметтерді алу. 

US News & World Report рейтингі бойынша Қазақстан кәсіпкерлікке бейімділік тұрғысынан 78 елдің ішінен 75-орын алған. Халықаралық агенттік елдегі кәсіпкерліктің даму деңгейіне 100 баллдан 0,9 ғана балл берген. Ресей (22), Украина (51), Беларусь (57), Әзірбайжан (71) елдері бізден жоғары орналасса, рейтингті Өзбекстан (76), Гватемала (77) және Сальвадор (78) түйіндейді. 
Ал көш басында Жапония, Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Корея елдері тұр. 
2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 1,1 млн жеке кәсіпкерлік нысаны бар екен. Бұл былтырмен салыстырғанда 1,7 пайызға көп. 
 

Сондай-ақ оқыңыз