1 view

2020 жылы Алматыда кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді?

«Almaty Business-2025» аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қолға алынған

Фото: Shutterstock.com

Еліміздің ең ірі қаржы орталығы саналатын Алматыда Qolday кәсіпкерлік орталығы 2020 жылы 90 мыңға жуық кеңес беріпті. 12,2 млрд теңге бөлініпті. Қысқасы, кәсіпкерлер қолдаусыз қалған жоқ дейді қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин. 

Басқарма басшысының айтуынша, шаһар бизнесін дамытуда «Almaty Business-2025» аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының маңызы өте зор. Бағдарлама бизнеспен жұмыс істеудің бес негізгі институционалды бағытын қамтиды. Оның құрамына Qolday кәсіпкерлік орталығын, несие беру үшін жеке және микроқаржы институттарын құру, Алматы қаласы аумағында өндірістік парктерді ұйымдастыру, кейбір кәсіпкерлерге жеке әрі шағын өндірістерін ұйымдастырулары үшін жеңілдетілген несие ұсыну енеді.

Спикердің айтуынша, пандемияға қарамастан несиелеу көлемі артқан, инфрақұрылым дами түскен, шаһар басшылығы жұмыс орнын сақтау мен кәсіпкерлерге көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыс атқарған. 

«Бүгінгі күні жалпы сомасы 42 миллиард теңгені құрайтын 52 жоба бойынша кеңестер берілді. «Бір терезе» қағидаты бойынша 500-ден астам рұқсат құжаттары ұсынылды. Орталықта ШОБ өкілдеріне өз бизнесін дамытуға қатысты түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардан рұқсат құжаттарын алу үшін тегін қолдау көрсетіледі, сонымен қатар түрлі қаржы институттарында қаржыны жеңілдікпен алуларына көмектеседі. Біз орын алған кемшіліктерді жойып, істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 5 миллионға дейінгі көлемдее гранттар бердік, олар грант алғаннан кейінгі алғашқы кезеңде өз бизнестерін тегін жүргізе алады. Екінші кезеңде бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша әрі заңгерлік және бухгалтерлік кеңестер көрсетіледі. Егер екінші кезеңде өз бизнестерін дұрыс жүргізіп, оны кеңейтуді қаласа, онда олар біздің шағын қаржы институттарымызға жүгініп, 6 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуларына болады»  деді Еркебұлан Оразалин.

Оның айтуынша, бұл институттар Алматы қаласы әкімінің тікелей тапсырмасы бойынша жергілікті бюджет қаржысы есебінен гранттар көлемін ұлғайту аясында қосымша экожүйемен қамтылады.

Жалпы, бизнеске қаржылай қолдау көрсетуге 12,2 млрд теңге бөлінген. Қаржыландыруды «Almaty Finance» несиелік ұйымы және «Алматы» МҚҰ жүзеге асырады. «Almaty Finance» 500 миллион теңгеге дейін ірі және орта жобаларға несие беруді қарастырады. «Алматы» шағын және микробизнеске бағытталған әрі мұнда несиенің ең жоғарғы мөлшері 70 миллион теңге деңгейінде белгіленген. Жалпы алғанда 40-тан астам жобаға несие беріліпті. 

Институттар пандемия кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру процесстеріне де қатысқан. Бөлінген 12,2 млрд теңгенің 4 миллиарды Алматы қаласындағы ірі дистрибьютерлік компанияларға, медициналық заттар мен дәрі-дәрмектерді жеткізушілерге берілген. 

«Өндірістік парктерді ұйымдастыру тетігі де ойдағыдай жұмыс істей бастады. Осы орайда мақсат қалалық әкімдік ірі бизнеске бос ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіруге немесе жаңа орын салуы үшін 6 пайызбен жеңілдетілген несие береді. Мұнда осы жобаға қосымша ретінде өндірістік парктер резиденттерінің жылына 2 пайыздық мөлшерлемемен несие беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл  елімізде баламасы жоқ акция. Біз бүгінгі күні осындай үш жобаның ойдағыдай жұмыс істеп жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Үш жоба толығымен жабдықталған, істерін жаңа бастаған кәсіпкерлер осы өндірістік орындарды жалға алды. Бұлардан өзге, біз индустриялық аймақта осыған ұқсас өндірістік парктерді құру үшін жалпы алаңы 40 мың шаршы метр болатын 4 жер учаскелерін қосымша бөлдік. Барлық құжаттама, ережелер әзірленді және қабылданды. Бүгінгі күні индустриялық аймақтағы 4 өндіріс паркіне әлеуеті жоғары қатысушылардан 50 астам өтініш келіп түсті» деді Оразалин.

Спикердің сөзінше,  2020 жылы несиелердің 70 пайызы сауда мен қызмет көрсету саласына бөлінген. Маңыздысы сол, осы несиелердің арқасында бизнес ауқымы артты және қаржы айналымы толықты деді сарапшы. 

Әрине, мәселенің екінші қыры да бар. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының дерегіне сүйенсек, палата жүргізген сауалнамаға қатысқан 12 800 бизнес субъектісінің берген ақпараты бойынша, негізінен ойын-сауық және демалыс, туризм, халыққа қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік мекемелері қиындықты қатты сезінген. 

Ресми дерек бойынша осындай қиындықтың салдарынан қала билігі 100 млрд теңге жобасындағы бюджет түсімінен (салықтық төлемдерден түсетін түсім) қағылған. Дәл қазіргі сәтте шаһарда 240 мыңға жуық адам саудамен айналысады. Оның 50 мыңы базарда, 70 мыңы жабық сауда орталықтарында, қалғаны жекелеген кәсіпкерлік нысандарында еңбек етеді. 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер