Мемлекет жаңа заң арқылы букмекерлердің мүддесін қорғай ма?

Жарияланды
«Бұл бюджетті салық түсімдерінен айырады»

Қазақстан Баспасөз клубында «Қазақстан букмекерлер қауымдастығы» ЗТБ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Онда отандық букмекерлік (ойын) нарығында туындаған мәселелер айтылды. Нақтырақ айтқанда, қауымдастықтың бас қосуына 2021 жылы 4 қаңтарда күшіне енетін «Ойын бизнесі туралы» ҚР заңына қабылданған түзетулер себеп болған. 

Өзгерістерге сәйкес, букмекерлік ұйымдарға төлем қабылдау және ұтыстарды төлеу бір жеке компания арқылы жүзеге асырылмақ. Ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік форматында Ұтыстарды есепке алу орталығының (ҰЕАО) жұмысын қамтамасыз етеді екен. ҰЕАО қызметі мәдениет және спорт министрлігіне бағынады және оның мақсаты  – букмекерлік ұйымдарды экономиканың көлеңкелі секторынан шығару, мемлекет бюджетіне барлық салықтардың түсуінің ашықтығын жүргізу. 

Өз тарапынан букмекерлік ұйымдар нарықты реттеуші рөлінде ҰЕАО қызметін қолдайды, бірақ Мәдениет және спорт министрлігінің жеке тұлға түріндегі жалғыз құрылтайшысы бар жеке компания осы қызметті өзіне алуы тиіс деген тәртібімен келіспейді. 

«2020 жылғы 10 тамызда мәдениет және спорт министрлігінің сайтында ҰЕАО құру үшін МЖӘ жобасын бастамашылық ету туралы жаңалық жарияланды. Сол сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін өткізілетін байқаудың ресми қорытындылары шығарылған жоқ, оны өткізудің егжей-тегжейлері де жоқ: Қанша компания қатысты, олардың қаншасы және қандай себептермен өтпеді. Алайда, министрлік букмекерлік кеңселерге төлемдерді қабылдау бірыңғай оператор – «Exirius» ЖШС арқылы жүргізіледі деген ауызша шешім шығарды. Аталған компания – жеке компания. Бір құрылтайшысы бар, ол да жетекшісі. Компания шағын кәсіпорын болғандықтан қызметкерлер саны да аз және ҚҚС төлеушісі емес»,– дейді олар.

Қатысушылардың айтуынша, «Exirius» ЖШС жеңілдікті салық салу режимінде тіркелген. Сондықтан өз пайдасынан КТС төлемеуге құқығы бар екен. 

«Елдегі букмекерлік ұйымдардың барлық кірістеріне салық салынады, бұл букмекерлік кеңселер кірісінің 70 пайызын құрайды. Енді букмекерлік кеңселер кірісінің басым бөлігі (букмекер айналымынан 4 пайызы) барлық салықтарды төлеуден босатылған «Exirius» ЖШС жеке қолына түсетін болады. Бұл мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатының кетуіне әкеліп соғып, елдегі әлеуметтік шиеленістің туындауына себеп болады»,– дейді қарсылық білдірушілер. 

Букмекерлік компаниялар өкілдерінің айтуынша, МЖӘ байқауын өткізу туралы барлық қажетті құжаттардың: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бекітілген қағидалар, регламент және ҰЕАО техникалық құжаттамасының болмауы жағдайды қиындатып отыр. Сонымен қатар, нарық қатысушыларына бір жүйені екінші жүйеге біріктіру үшін компьютерлік жүйелердің өзара әрекеттесуі болатын ҰЕАО қосу үшін API берілмеді. Ұсынылған «Exirius» ЖШС нарық қатысушыларын букмекерлік кеңселердің қызметтері үшін әртүрлі төлем әдістерінен айырып, жұмысты тек бір төлем платформасынан бастауды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда  букмекерлік нарықтың барлық қатысушылары министрліктердің блогтары арқылы ҰЕАО-ғын іске қосу мерзімін 1 жылға ауыстыру туралы өздерінің өтініштерін жіберуге ниетті, өйткені 4 қаңтарға дейін бар болғаны екі апта қалды. Техникалық және құқықтық базаны мұқият әзірлеу, барлық қажетті процедуралық құжаттаманы енгізу үшін 14 жұмыс күні жеткіліксіз. Дайындалмаған орталықтың қызметі Қазақстандағы төлем салаларының банкроттығына және тұтастай алғанда букмекерлік кеңселер кірісінің азаюына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде мемлекеттік бюджетті осы уақытқа дейін осы салалардан түскен салықтардың жартысынан көбінен айырады деп дабыл қағады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз