Павлодарлық кәсіпорын нарықтағы импорттық өнімді ығыстыруға ынталы

Кәсіпорын күніне 150 дана матрас шығарады

Фото: автордікі

Павлодар қаласындағы «Тави Павлодар» жауапкершілігі шектеулі серіктесі 2002 жылы құрылып, былтырға дейін жиһаз фурнитураларын сатумен ғана айналысып келген-ді. Ал өткен жылы мемлекеттік қолдау арқылы матрас өндірісін бастады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында цех пен құрал-жабдық сатып алу үшін 175 млн теңге несие алды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы субсидияға ие болып, кәсіпорын –несиенің 6 пайызын, мемлекет 9 пайызын мемлекет өтейтін болды. Сонымен қатар, 71 млн теңге көлемінде кепілдік алған. 

IMG-20200916-WA0020.jpg

«Тави Павлодар» ЖШС өндірістік цехының басшысы Александр Вайводтың айтуынша, бүгінде кәсіпорын матрастың алты түрін шығарады. Өндірістік цехтағы 30 адам орта есеппен алғанда күніне 100-150 матрас дайындайды. Қажетті шикізаттардың басым бөлігі, яғни матрастар дайындауға қажетті металлдар, серіппелер – барлығы көршілес Ресейдің облыстарынан жеткізіледі. Төтенше жағдай кезінде шикізатпен қамтуда қиындықтар туындамай, өндіріс бір сәтке де үзілмепті. Десе де, көршінің кәсіпорындарына қарап қалуға болмайды. Сондықтан «Тави-Павлодар» отандық тауар жеткізушілермен байланысты нығайтып, кейбір шикізат түрлерін өздері де дайындауды көздеп отыр. 

«Теміртаудағы комбинат біздің талаптарымызға сай өнім шығарса, толығымен теміртаулық металды пайдалану ойда бар. Матрастың негізгі бөлшегі саналатын «тәуелсіз блоктарды» өз цехымызда шығаратын болдық. Мемлекеттік бағдарлама арқылы алған несиенің бір бөлігін Қытайдан блок дайындауға қажет құрал-жабдық сатып алуға жұмсадық. Тиісті өндірістік желі қазан айында жеткізілуі тиіс. Бұған дейін Ресейдің Барнауыл облысынан сатып алып келген синтепонды енді өзіміз дайындаймыз. Жоспарымыз орындалған жағдайда, импорттық шикізаттан арылып қана қоймай, сырттан келетін өнімдерді ығыстыратын мүмкіндігіміз туады», – дейді Александр Вайвод. 

IMG-20200916-WA0019_0.jpg

Тави Павлодар» дайын өнімдерді сатып қана қоймай, арнайы тапсырыстар бойынша да матрастарды жасап береді. Олардың ірі серіктестері қатарында Қазақстанның жиһаз фабрикалары бар. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Семей қалаларында филиалдары жұмыс істейді. Мұнда облыс орталығында дайындалған матрастар сатылады. Қазан айында жаңа өндірістік желі іске қосылып, қуаттылық артқан соң, еліміздің өзге қалаларындағы нарыққа жеткізу де жоспарланып отыр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif