Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сауалнамасы: Шағын кәсіп қызметкерлерінің үштен бір бөлігі жұмыссыз қалған

Онлайн-сауалнамаға қатысқан 37 мың кәсіпорынның 99 пайызы – шағын бизнес өкілдері

Фото: Pixabay

Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі – қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер. Респонденттердің 41 пайызы сауда-саттық саласында еңбек етсе, 18%-ы – тұрмыстық қызмет көрсету, 8,5%-ы – агроөнеркәсіптік кешен,  6%-ы – қоғамдық тамақтану, ал 5,4 пайызы көлік және жүк тасымалы саласында жұмыс істейді. Сауалнама нәтижесі шағын бизнес жұмыс орнының үштен бір бөлігін қысқартқанын көрсеткен.

Карантинге дейінгі 279,6 мың қызметкердің 41,3 мыңы қысқартылып кеткен. Ал 52,2 мың адам ұзақ мерзімді ақысыз демалысқа жіберілген. 

Карантин кезіндегі шектеулер әсіресе Түркістан облысында орналасқан бизнес өкілдеріне қиын тиген. Осы аймақ бойынша жауап берген респонденттер жұмыс орнының 67 пайызы қысқарғанын айтады. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ШОБ қызметкерлерінің 52 пайызы қысқартуға ұшыраса, Шымкетте – 48 пайыз, ал Қарағанды облысында шағын бизнестегі жұмыс орындарының 44 пайызы жабылған. 

Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының шағын және кіші кәсіпкерлік саласындағы жұмыс орындары 17-19 пайыз қысқарған.
Сауалнамаға Ақтөбе, Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан қатысқан респондент-компаниялардағы жұмыс орны 22 пайыздан 42%-ға дейін қысқарыпты. 

Ситуация с занятостью в разрезе отраслей.jpg

Елдегі ең үлкен еңбек нарығын иеленген (бөлшек сауданың 29,4 пайызы) Алматы қаласында орналасқан  3323 компания қызметкерлерінің 37 пайызын қысқартуға мәжбүр болған. Сауалнамаға Нұр-Сұлтан қаласынан қатысқан 2264 компаниядағы жұмыс орындары 19 пайызға қысқарған.

2 полоса_Ситуация с занятостью [Восстановлен].jpg

Нақты сала бойынша талдау пандемия мен карантин қай салаларға қатты соққы болғанын айқындаған. Қоғамдық тамақтандыру саласы жұмыс орындарының 65%-ын, демалыс пен ойын-сауық  62%-ын, туризм саласы 58 пайызын қысқартқан. 

АӨК саласында қызметкерлерінің 13,6 пайызы, жекеменшік білім беру саласынде еңбек етіп жүргендердің 24 пайызы, сондай-ақ сауда-саттық салсында жүргендердің 27 пайызы жұмыссыз қалған. 

B2B, көлік саласында қызмет көрсететін, қонақ үй бизнесімен, жылжымайтын мүлікпен айналысатын, сондай-ақ тұрмыстық және өзге де қызметтер көрсететін компанияларда жұмыс орны 34 %-дан 44%-ға дейін қысқарды.

Сонымен қатар, карантинде кіріс те азайған. Айталық, сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 35 пайызы кіріс қатты төмендеп кетті десе, 20 пайызы мүлдем кіріс кірмей жатқанын айтқан. Ал 15 пайызы кіріспен қатар, сұраныс та төмендегенін алға тартады. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің төрттен бір бөлігі алған несиесін уақытында төлей алмай отыр. 20 пайызы салық пен өзге де міндетті жарналарды төлей алмай қиналса, 2,7 пайызының қызметкерлер жалақысын төлейтін қаржысы жоқ. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif