Кәсіпкерлер микро кредитті қайдан және қалай ала алады? Фермерлер үшін қандай несие бағдарламалары бар?

Жарияланды
Несие алу шарттарымен таныс болыңыз

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі микро кредиттерді беру шарттарын жария етті. Онда ауылшаруашылық несиелерінің талаптары мен мерзімі көрсетілген.

 

  • Шағын несие мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық кооперативтерін құру жобалары үшін – 7 жылға дейін;
  • Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін (6,9 млн. теңге), зәкірлік кооперацияны дамытуға – 8,0 мың АЕК-ке дейін (22,2 млн. теңге); қалаларда, моноқалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларын қоспағанда) – 6,5 мың АЕК-ке дейін (18 млн. теңге); Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін (22,2 млн. теңге);
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 пайыздан аспайды.
     

Аз қамтамасыз етілген және/немесе көп балалы отбасы мүшелеріне микрокредит беру шарттары:

 

  • Микрокредит мерзімі жеті жылға дейін;
  • Кепілзат болған кезде микрокредиттің ең жоғары мөлшері 8,0 мың АЕК-ке дейін;
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4 пайыздан аспайды.

 

Ведомствоның хабарлауынша, микро несиені алу үшін кәсіпкер өңірлік кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалдарына хабарласу керек. Ол үшін төмендегі құжаттардың болуы міндетті:

● Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелері;

● Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы құжаттың көшірмелері (сертификат). Оқыту аймақтық кәсіпкерлер палаталарында өткізіледі.

Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасы аясында несие алған кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперация қатысушылары кем дегенде бір тұрақты жұмыс орнын құруы тиіс. Еске салсақ, осыған дейін «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жеңілдетілген шағын несие беру үшін 36 миллиард теңге бөлетінін хабарлаған. Аталған қаржы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бөлінбек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та 31 наурыз күні жасаған мәлімдемесінде көктемгі дала жұмыстары үшін 70 млрд теңге, ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша тағы 100 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын.  

          Кәсіпкерлер мен фермерлер үшін бірнеше несие бағдарламалары бар:

1. «Кең дала» бағдарламасы.

 

Кімдер алады: Жеке кәсіпкер; шаруа қожалықтары; фермерлік шаруашылықтар; заңды тұлғалар.

Несие мерзімі: Тиісті қаржыландыру жылының 1 желтоқсанына дейін.

Валюта: Теңге.

Несие мөлшерлемесі: Жылдық 2 пайыз (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 пайыздан бастап).

Сомасы: 1 000 000 теңгеден бастап Корпорацияның меншікті капиталының 25 пайызына дейін.

 

2. «Игілік» бағдарламасы.

 

Кімдер алады: Жеке кәсіпкерлер; шаруа қожалықтары; фермерлік қожалықтар; ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер.

Бағдарлама мақсаты: Мал шаруашылығын дамыту.

Несие мерзімі: 78 айдан аспайды.

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6,0 пайыз, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7 пайыздан аспайды.

Сомасы: 4 000 000 теңгеге дейін.

 

3. «Егінжай» бағдарламасы.

 

Кімдер алады: Заңды тұлғалар;  шаруа қожалықтары; фермерлік қожалықтар.

Бағдарлама мақсаты: Аграрлық-өнеркәсіптік кешені субъектілерінің көктемгі-егістік және жиын-терім жұмыстарына айналымдық қаражаттарын толтыру үшін қаржыландыру.

Несие мерзімі: 36 айдан аспайды.

Сыйақы мөлшерлемесі: Жылдық 6,0 пайыз.

Сомасы: 6 000 000 теңгеге дейін

 

4. «Ынтымақ» бағдарламасы.

 

Бағдарлама мақсаты: Қызметтерді сатып алу,  өңдеу ұйымдарын құру және дамыту.

Несие мерзімі: 78 айдан аспайды.

Несие мөлшерлемесі: Жылдық 6,0 пайыз.

Сомасы: 19 240 000 теңгеге дейін.

 

«Ынтымақ» бағдарламасы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін сәл өзгертілген шарттармен несие береді. Олар үшін бағдарлама мақсаты – ет, сүт, жеміс-көкөніс және басқа да өнімдерге қызмет көрсету және қайта өңдеу ұйымдарын құру және дамыту. Сомасы 50 миллион теңгеге дейін.

 

5. «Ырыс» бағдарламасы.

 

Кімдер алады: Заңды тұлғалар; шаруа қожалықтары; фермерлік шаруашылықтар; жеке кәсіпкерлер.

Басты шарты: 50-100 бас аралығында ірі қара малы болу керек.

Несие мерзімі: 120 айға дейін.

Сыйақы мөлшерлемесі: Жылдық 6,0 пайыз.

Сомасы: 85 миллион теңгеге дейін.

 

6. «Бірлік» бағдарламасы.

 

Кімдер алады: Заңды тұлғалар; шаруа қожалықтары; фермерлік шаруашылықтар; жеке кәсіпкерлер.

Бағдарлама мақсаты: Сүт қабылдау бекеттерін құру және дамыту.

Несие мерзімі: 78 айдан аспайды.

Сыйақы мөлшерлемесі: Жылдық 6,0 пайыз.

Сомасы: 12 миллион теңгеге дейін.

 

7. «Береке» бағдарламасы.

 

Кімдер алады: Жеке тұлғалар; шаруа қожалықтары; фермерлік шаруашылықтар; жеке кәсіпкерлер.

Несие мерзімі: 78 айдан аспайды.

Сыйақы мөлшерлемесі: Жылдық 6,0 пайыз.

Сомасы: 4 миллион теңгеге дейін.

 

8. «Кәсіпкер» бағдарламасы.

 

Кімдер алады: Жеке кәсіпкерлер; шаруа қожалықтары; фермерлік шаруашылықтар; ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер.

Бағдарламаның мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтті дамыту.

Несие мерзімі: 60 айдан аспайды.

Сыйақы мөлшерлемесі: Жылдық 6,0 пайыз.

Сомасы: 6 миллион теңгеге дейін.

 

Бұл бағдарлама зәкірлік кооперацияны есепке алып, кәсіпкерлікті дамыту бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие береді. Оның мақсаты – қажетті техника мен құрал-жабдық сатып алу.

Сондай-ақ оқыңыз