Skip to main content

Шағын және орта бизнеске арналған кредиттеу бағдарламасы басталды

Жеке кәсіпкер үшін белгіленген лимит 50 млн теңге

Фото: Shutterstock

  Қазақстанның орнықтылық қоры, Қазақстанның 12 банкі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын қолдап, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық ахуалы төмендеген шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске асыруға кірісті. Жалпы алғанда, бұл бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық Банк 600 миллиард теңге бөлді. Бұл туралы Курсив.кз порталы хабарлайды 


Ұлттық Банк  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп әзірлеген бағдарламаға сәйкес шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ дара кәсіпкерлер айналым капиталын толықтыру үшін жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша 12 ай мерзіміне кредит алуға банктерге өтініш жасай алады. 


Бизнес қарыз қаражатын тауарларды және өзге де материалдық құндылықтарды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға; қорларды, шығыс материалдары мен шикізатты толықтыруға; ассортиментті кеңейтуге; шарттық міндеттемелерді орындауға; ағымдағы шығыстарды, оның ішінде әкімшілік шығыстарын жүзеге асыруға, мысалы, қызметкерлерге жалақы төлеуге, салықтар төлеуге және т.б. жұмсай алады.


Кәсіпкерлер кредиттік желілер шеңберінде жаңа қарыздар не жаңа қаржыландыру ала алады. 
Жеке кәсіпкер үшін белгіленген лимит 50 млн теңге, ал шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін 3 млрд теңгені құрайды. 


Бұл ретте, жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы ешқандай салалық шектеулерді көздемейді.
Қарыз талаптарын бұзғаны және (немесе) өзгерткені үшін өндіріп алынатын комиссияларды қоспағанда, бағдарлама шегінде қарызды бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды.
Төменде көрсетілген жағдайлар: төтенше жағдай режимі кезеңінде және ол тоқтатылғаннан кейінгі 2 ай ішінде өткізілген тауарлардың және (немесе) қызметтердің көлемінің азаюы, сатып алушылар тарапынан төлемдердің кешіктірілуі, қызметкерлердің штат санының қысқаруы жеңілдетілген несие алуға себеп бола алады. 

Қарыз алу үшін қажетті негізгі құжаттар тізбесі

-  Кепілгердің (жеке тұлға) жеке басын куәландыратын құжат;
- Құрылтай құжаттарының топтамасы;
- Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, не тіркеу есебіне алынғанын растайтын өзге құжат;
- Қол қоюдың үлгілері және мөр бедерінің үлгісі бар (мөр – болған кезде) құжат; 
- Уәкілетті органның қаржыландыруды тарту туралы шешімі;
- Соңғы есепті жылдың қаржылық есептілігі;
- Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болуын немесе болмауын растайтын құжат;
- Басқа банктерде несиелік берешектің болмауы/болуы туралы мәліметтер;
- Кепіл (кепілдік қарыздар) бойынша құжаттардың топтамасы.
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық ахуалының нашарлауы туралы ақпарат.

Толық құжаттар топтамасы мен құжаттарды қабылдау арналарының жаңартылған тізімін банктерден нақтылау қажет. 

1.    Jysan Bank - сall center 7711;

2.    Альфа Банк - сall center 2510, WhatsApp тәулік бойы +7 771 936 11 11;

3.    ВТБ - +7(727)330-50-50, ұялы телефонынан  5050;

4.    Нұрбанк - сall center 2552;

5.    Сбербанк - 8 8000 80 60 60  - Қазақстанның барлық өңірлері үшін (тегін желі); 5030 – Қазақстанның мобильді операторлары үшін (тегін желі); Сервис және өнімдер бойынша жүгіну - post@sberbank.kz;

6.    Bank RBK  -  сall center 7888 (тегін);

7.    Forte Bank - сall center 7575. Банктің ТЖ режиміндегі жұмысы туралы ақпарат және жаңалықтар арнайы парақшада жаңартылып отырады https://forte.kz/covid19;

8.    Халык Банк - сall center 9595;

9.    АТФБанк - сall center 2424, онлайн чат WhatsApp 9:00-ден 21:00-ге дейін (+7 705 776 88 62);

10.    ЦентрКредит Банкі - +7 (727) 244 30 44, 605 – ұялы телефон арқылы тегін;

11.    Еуразиялық банк - e-mail: contactcenter@eubank.kz; Skype: skype.eubank.kz; мобильді нөмірлер: Beeline  +7 (771) 000 77 22; Tele2-Altel +7 (700) 000 77 22; ActivKcell +7 (702) 000 77 22;

12.    Алтын Банк +7 (727) 356 57 77, +7 771 330 57 77 WhatsApp арқылы.

banner_wsj.gif

Пайдаланылмай жатқан 2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Былтыр жалпы көлемі 5,6 млн гектар жер қараусыз жатқаны анықталған

Фото: kursiv.kz

Биыл үш айдың ішінде ауыл шаруашылығы  мақсатында пайдаланылатын 2 млн гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Орталық комуникациялар қызметіндегі онлайн есеп беру кездесуінде мәлемдеді.

Министрдің айтуынша, былтыр 5,6 млн гектар жер пайдаланылмай жатқаны анықталған. Оның 800 мың гектары егістік болса, 4,6 млн гектары – жайылымдық жер. Бұл қағаз есептер негізіндегі дәстүрлі мониторинг пен ақпаратты салыстырып-тексеру барысында нақтыланған.

«Аталған жерлер бойынша ден қою шаралары қабылданғаннан кейін бүгінгі күні 1,9 млн гектарды бұрынғы жер пайдаланушылар игере бастады. 1,1 млн гектар жерден пайдаланушылар өз еркімен бас тартып, мемлекет меншігіне қайтарылды.  Ал 2,6 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдіктер процессуалдық сот жұмыстарын жүргізуде», - деді министр.

2019 жылдың 28 қазанындада Жер кодексіне «Жерді қашықтықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлеріне цифрлық мониторинг жүргізуге қатысты өзгерістер» енгізілген. Бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында қола алынған шара болатын. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды ғарыштық мониторингтеу қағидалары қабылданды. 

«Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жүргізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Оның нәтижесінде жалпы алаңы 7,3 млн гектарды құрайтын 9061 жайылымдық алқап анықталды. 2020 жылдың 3 айының қорытындысбойынша мемлекеттік меншікке 2 млн гектардан астам жер қайтарылды», - деді Сапархан Омаров.

Нақты айтқанда, Ақмола облысында 1,6 млн га алқапты құрайтын  3182 жер учаскесі, Шығыс Қазақстан облысында 1,3 млн га  2374 жер учаскесі, Қостанай облысында 1,9 млн гектар болатын 3330 жер учаскесі, Маңғыстау облысында 2,5 млн гектар 175 жер учаскесі анықталған.

Сонымен қатар Сапархан Омаров Мемлекет басшысының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында министрлік Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізгенін айтып өтті. Бірінші  –тексеру кезеңдерін және пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің қайтару мерзімін 2 жылдан бір жылға дейін қысқарту, бақылау субъектілеріне бармай профилактикалық бақылауды енгізу. Сондай-ақ, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсіміне қатысты жүретін сотты ерекше тәртіпте қарау  және  ұялы байланыс арналары бойынша мәтіндік хабарламалар арқылы тексеру субъектісін хабардар ету рәсімін автоматтандыру ұсынылып отыр. 

Айта кету керек қазіргі уақытта жер учаскелері қағаз жүзінде үш тәсіл:
1) тікелей беру;
2) сауда-саттықта (аукционда) ұсыну);
3) ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы беру арқылы  рәсімделеді. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png