Павлодарлық кәсіпкер комбайн бөлшектерін шығарады

Отандық өнім шетелдік бөлшектерден анағұрлым арзан

Фото: Дариға Абай

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін тұста ауыл шаруашылық техникаларының сақадай сай болуы аса маңызды. Бірақ әлемді пандемия жайлап, АҚШ долларының құны қымбаттағандықтан, шаруалардың көпшілігі қажетті бөлшектерді Еуропадан әкелуге қауқарсыз. Осыны ескерген Павлодар ауданының кәсіпкері Андрей Андрейцев Жаңачерноярка ауылында сынамалы цех ашып, бөлшектер дайындауға мықтап кірісті. 

Андрейдің әкесі Геннадий Андрейцев 20 жылдан бері  ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Сондықтан үнемі әкесінің қасынан табылып, шаруаға араласып жүрген Андрей трактор, комбайндардың барлығын дерлік жақсы біледі. Тіпті, оларды жөндеуді үйреніп алған. Кейін осы қабілетін табыс көзіне айналдыруды ойлап, қосалқы бөлшек шығаруды қолға алды. 

IMG_7639 (1).jpg

«Барлық жұмыс сызбалары компьютерде жасалады. Алдымен кескіндейміз, миллиметріне дейін анықтап өлшейміз. Кейін қажетті үлгіні жасап, тексереміз. Егер үлгі келіп жатса, оны  материалға түсіреміз. Осылайша, бөлшектің негізі жасалады», – дейді «МТС Береговое» ЖШС басшысы Андрей Андрейцев. 

Оған құбыр бөлшектерін дәнекерлеушілер  Қанат Асатулин, Виталий Мажнов, сатылым бойынша менеджер Артем Лозунов, 3D принтері, плазмамен кесу құрал-жабдығы арқылы кескіндейтін мамандар көмектеседі. 

Мұнда қосалқы бөлшектер бірнеше күнде дайындалады. Ал шаруалар бөлшектерді Еуропадан әкелуге тапсырыс берсе, бір айдан астам уақыт күтер еді. 

 «Комбайн шанағының білігі үш-төрт жыл сайын тозады. Оны жаңарту үшін тапсырыспен Германиядан алдыртудың еш қажеті жоқ. Біздің кәсіпорында өңдеп алуға болады. Бұл шаруа қожалығы басшыларына екі-үш есе арзан болады», – дейді кәсіпкер. 

IMG_7646.jpg

 

Сынамалы цехта қосалқы бөлшектерден бөлек, қоймаға қажетті құрал-жабдықтар да шығарылады. Осы уақыта дейін контейнерді аударуға арналған екі құрал дайындалыпты. Ол 1,5 тонна және одан да көп салмақты көтеруге қауқарлы. Осы іспетті құралдар Еуропада 6-7 млн теңге тұрса, павлодарлық кәсіпкер 2 млн теңгеге бағалап отыр. Оның біреуін Ресейдің Омбы облысының кәсіпкерлері сатып алған көрінеді.  
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif