Жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылып, несие алу жеңілдейді

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Сонымен қатар тексеріс те қысқарады

Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді табыс салығынан босату ұсынылады. ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгінгі үкімет отырысында төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктер туралы айтып өтті. 

«Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді табыс салығынан босату ұсынылады. Арнайы салық режімі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кірістері ағымдағы жылдың басынан бастап салықтан босатылғанын атап өткен жөн. Жалпыға бірдей белгіленген режимді пайдаланатын кәсіпкерлерді қолдауға болады деп санаймыз» ,– деді министр.    

Қазіргі уақытта орта бизнесті тексерулер санын азайту ұсынылған Министр ағын және орта бизнесті тексеруге қазірде мораторий жариялағанын айтып өтті.

 «Бизнестің Жол картасы –2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын синхрондау шеңберінде кәсіпкерлердің теңгелік қаржыландыруға қол жеткізуін арттыру көзделмек. Яғни, несиелендіру 400 млрд. теңгеге 1 трлн. теңгеге дейін артадыАталмыш қаражат ең алдымен импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерге берілетін болады.  

«БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелендірудің жоғарғы шегі 7 млрд. теңгеге дейін артады. Ағымдағы шығыстарды жабу үшін бизнестің айналым қаражатын қаржыландыру арттыру ұсынылып отыр. Одан бөлек, ақырғы мөлшерлеме біріктіріліп, 6%-ті құрайтын болады. Сонымен қатар, «БЖК-2025» бағдарламасында салалық шектеулер алынып тасталып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасындағы басым тауарлар тізбесі көбейтіледі.

«Кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін, «БЖК-2025» бағдарламасы шеңберінде орта бизнестің кредит сомасын 1 млрд теңгеге дейін арттыру ұсынылуда. Ол бойынша 50% мөлшерінде кепілдендіру берілетін болады.Микро және шағын бизнес үшін кепілдік беру арқылы кредит сомасын 85%-ке дейін 360 млн. теңгеге дейін арттыру ұсынылады.»Жалпы кепілдік беру тетігі оңайлатылады», – деді министр. 

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Жұмыспен қамту жол картасы әзірленуде.Оған 300 млрд.теңге бөлінеді. Жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 120 мың жұмыс орындары құрылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз