Skip to main content

Екібастұздық кәсіпкер ағаштан кәдесый жасайды

Виктория Волошина қиындықтарға жасымай, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр

Фото: Виктория Ворошинаның жеке мұрағатынан

Екібастұз қаласының тұрғыны Виктория Волошина бала кезден нашар естиді. Бұл оның сөйлеуіне де кері әсерін тигізбей қоймады. Бірақ Виктория жасыған жоқ. Арнайы кәсіптік мектепте тігінші мамандығы бойынша білім алып, тігін шеберханасында жұмыс істеп те үлгерді. Осыдан екі жыл бұрын құлағына ота жасатып, арнайы аппарат орнатты. Содан соң бұрынғыдан жақсы еститін болып, мол мүмкіндік ашылды. 

Алғашқысы – сызғыш

 2017 жылы Виктория жолдасы Максиммен бірге тың кәсіп – векторлық графиканы үйрене бастады. Бірақ, сүйікті істі табысты кәсіпке айналдыру үшін қаржы жоғы қолбайлау болды. Жарының векторлық графикаға қызығушылығы зор екенін байқаған Максим нар тәуекел етіп, екінші деңгейлі банктердің бірінен несие алды. Сөйтіп, 900 мың теңгеге негізгі құралды, 500 мың теңгеге оған қажет қосымша жабдықтарды сатып алды. Кейін Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, 252 мың теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды. Осылайша, отбасылық бизнес басталды. 

«Ағаштан ойып жасаған алғашқы затымыз – оқушылар қолданатын кәдімгі сызғыш. «Мұндай кеңсе тауарының түрі-түрі дүкенде самсап тұр» дерсіз. Біздің өнімнің ерекшелігі сол, арнайы тапсырыспен, балалардың есімін ойып тұрып жасаймыз. Әрі бағасы қолжетімді. Сондықтан сұраныс та жоғары», – дейді Виктория Волошина. 

Ал бүгінде «3D BEREZA» жеке кәсіпкерлігі ағаштан, пластиктен жасалған жүзден астам өнім шығарады. Олардың қатарында қарапайым сувенир, есімхаттан бастап сағат, сандыққа дейін бар. Тұрғындар әлеуметтік желі арқылы тапсырыс береді, ал кәсіп иелері тұтынушының қалауына қарай сапалы өнім ұсынады. 

Тегін цех

Виктория, Максим Волошиндер кәсіп ауқымын кеңейтіп, бизнестің ілгерілей түсуіне мемлекеттік қолдау оң әсер етті деп пайымдайды. Себебі бұған дейін гаражды жалға алып келген олар енді «Өркен» шағын индустриялық аймағында үш бірдей кеңсені тегін пайдаланып отыр. 
«Кәсіпті жаңадан бастап, тек сызғыш жасаған тұста қиналғанымыз жасырын емес. Біз жалға алған гаражда басқаны былай қойғанда, қол жуатын мүмкіндік болған жоқ. Өзге  коммерциялық нысандарды жалдау қымбат болғандықтан, сол гаражда, үйде тапсырысты жасауға тура келді. Ал таяуда шағын индустриялық аймақтан тегін цех берілді. Бұл – бизнеске жасалған жақсы қолдау», – дейді Максим Волошин. 

Жас отбасы алдағы уақытта тек ағаш пен пластиктен емес, өзге шикізаттан да заттар жасап, тұтынушыларға ұсынуды жоспарлаған еді. Бірақ еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты бұған дейін қабылдаған тапсырыстарды орындап, жұмыс ауқымын шектеуге мәжбүр. 
 

banner_wsj.gif

Пайдаланылмай жатқан 2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Былтыр жалпы көлемі 5,6 млн гектар жер қараусыз жатқаны анықталған

Фото: kursiv.kz

Биыл үш айдың ішінде ауыл шаруашылығы  мақсатында пайдаланылатын 2 млн гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Орталық комуникациялар қызметіндегі онлайн есеп беру кездесуінде мәлемдеді.

Министрдің айтуынша, былтыр 5,6 млн гектар жер пайдаланылмай жатқаны анықталған. Оның 800 мың гектары егістік болса, 4,6 млн гектары – жайылымдық жер. Бұл қағаз есептер негізіндегі дәстүрлі мониторинг пен ақпаратты салыстырып-тексеру барысында нақтыланған.

«Аталған жерлер бойынша ден қою шаралары қабылданғаннан кейін бүгінгі күні 1,9 млн гектарды бұрынғы жер пайдаланушылар игере бастады. 1,1 млн гектар жерден пайдаланушылар өз еркімен бас тартып, мемлекет меншігіне қайтарылды.  Ал 2,6 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдіктер процессуалдық сот жұмыстарын жүргізуде», - деді министр.

2019 жылдың 28 қазанындада Жер кодексіне «Жерді қашықтықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлеріне цифрлық мониторинг жүргізуге қатысты өзгерістер» енгізілген. Бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында қола алынған шара болатын. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды ғарыштық мониторингтеу қағидалары қабылданды. 

«Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жүргізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Оның нәтижесінде жалпы алаңы 7,3 млн гектарды құрайтын 9061 жайылымдық алқап анықталды. 2020 жылдың 3 айының қорытындысбойынша мемлекеттік меншікке 2 млн гектардан астам жер қайтарылды», - деді Сапархан Омаров.

Нақты айтқанда, Ақмола облысында 1,6 млн га алқапты құрайтын  3182 жер учаскесі, Шығыс Қазақстан облысында 1,3 млн га  2374 жер учаскесі, Қостанай облысында 1,9 млн гектар болатын 3330 жер учаскесі, Маңғыстау облысында 2,5 млн гектар 175 жер учаскесі анықталған.

Сонымен қатар Сапархан Омаров Мемлекет басшысының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында министрлік Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізгенін айтып өтті. Бірінші  –тексеру кезеңдерін және пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің қайтару мерзімін 2 жылдан бір жылға дейін қысқарту, бақылау субъектілеріне бармай профилактикалық бақылауды енгізу. Сондай-ақ, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсіміне қатысты жүретін сотты ерекше тәртіпте қарау  және  ұялы байланыс арналары бойынша мәтіндік хабарламалар арқылы тексеру субъектісін хабардар ету рәсімін автоматтандыру ұсынылып отыр. 

Айта кету керек қазіргі уақытта жер учаскелері қағаз жүзінде үш тәсіл:
1) тікелей беру;
2) сауда-саттықта (аукционда) ұсыну);
3) ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы беру арқылы  рәсімделеді. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png