1 view

Британдық әуе компанияның тоқырауы коронавирустың себебінен болуы мүмкін

Ол эпидемияға дейін қиындықтарды бастан өткерген

Фото: Benthemouse / shutterstock

 Flybe британдық әуе компаниясы жабылғандығы туралы хабарлады. 

Flybe өз клиенттеріне барлық рейстердің ұшуға шектеу қойды. Ұлыбританиядағы жұмысын толығымен аяқтап, әуе билеттерін сатуды бірден тоқтатты.

«Егер сіз Flybe компаниясымен ұшуды жоспарласаңыз, басқа әуе компаниясына балама рейс ұйымдастырмайынша, ӘУЕЖАҒА КЕЛМЕҢІЗ»,-деп мәлімдеме жасады.

 Flybe британдық  әуе компаниясы бюджеттік тасымалдаушы болып 1979 жылы құрылған. Бір кездері Flybe Еуропадағы ең ірі тәуелсіз аймақтық әуе компания болды, ол жылына сегіз миллион жолаушы тасымалдап, 200-ден астам бағытқа қызмет еткен.

Біраз уақыт әуе компаниясы бұл дағдарыстан шығуға тырысты. Қаңтар  айында Ұлыбритания үкіметі ,Flybe  авиакомпаниясын «қалпына келтіру жолында» қол ұшын беретіндігі  жайлы хабарлаған.

Бұл мәлімдеме коронавирустың авиация саласына зардап тигізгенге дейін болған. Көптеген авиакомпаниялар сапарға сұраныстың төмендеуі мен рейстер кестесін қысқартуға мәжбүр екендігін ескертті.

Өткен айда IATA коронавирустың әуекомпанияларға ондаған миллиард долларға шығын келтіргені, ғаламдық трафикті 4,7 пайызға төмендеткені туралы жариялады.

 «Flybe-дің қаржылық қиындықтары баяғыда, Covid -19 індеті басталғанға дейін болған», - деді Ұлыбритания үкіметінің өкілі.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер